Ә

Әйел – бақыт,
бала – байлық.
***
Әке – жезде, ана – қазына.
***
Әке ырысты болса,
Әуелі ұл табады.
***
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Әлдіменен алыспа,
Күштіменен күреспе,
Байменен барып таласпа.
***
Әңгіме жолды қысқартады,
Жоқшылық қолды қысқартады.
***
Әркім өз несібесін теріп жейді.
***
Әттең, жарлылық жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.
***
Әуелгі байлық – денсаулық.
***
Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық.
***
Әуелгі байлық – иман байлық,
Екінші байлық – денсаулық.
Үшінші байлық – ақ жаулық,
Төртінші байлық – он саулық.
***
Әулияға барайын демес,
Әулияның әулиялығы тартар.
Байға барайын демес,
Байдың байлығы тартар.
***
Әулиенің кереметі тартар,
Байдың несібесі тартар.

maqal-matel.kz