Әдепсіз бала – аяққа басылған шала.
***
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
***
Әдепті бала
Ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
***
Әдепті бала елге мәнзүр.
***
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
***
Әйел алмаған жігіт елуге келсе де, бозбала,
Бала таппаған қатын қырыққа келсе де, қыз бала.
***
Әйел – бақыт,
бала – байлық.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
о да еркектің баласы,
ерлер көктен түскен жоқ,
әйел оның анасы.
***
Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.
***
Әйел – үйдің ажары,
Бала – үйдің базары.
***
Әйелді бастан,
Баланы жастан.
***
Әйелінен ұялған баласыз өтеді.
***
Әйелің дұшпандық қылса,
Қара пәле басқаны.
Балаң тілді алмаса,
Қадіріңнің қашқаны.
***
Әйелің жаман болса, қонағың кетеді,
Балаң жаман болса, бағың кетеді.
***
Әйелің жаман болса, қонағың кетеді,
Ұлың жаман болса, бағың кетеді.
***
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт,
Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
***
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ.
***
Әке – балаға қарыз,
Бала – далаға қарыз.
***
Әке балаға сыншы, өзі өлшем емес.
***
Әке баланы мирасым дейді,
Артымды құрасын дейді.
***
Әке көрген ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
***
Әке тұрғанда ұл ержетпейді.
***
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
***
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без.
***
Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
***
Әке ырысты болса,
Әуелі ұл табады.
***
Әкеге баланың алалығы жоқ.
***
Әкеге қарап ұл туар.
***
Әкеге тартып ұл тумайды,
Шешеге тартып қыз тумайды.
***
Әкеден бала үшеу туады.
***
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
***
Әкелі ұлдың кісесі басқа.
***
Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая.
***
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
***
Әкеңе игілік етсең,
Балаңнан соны күт, қартым.
***
Әкесі баласына кінәлай да қарайды,
Сыналай да қарайды.
***
Әкесі ет жасағыштың
Баласы ет асағыш келеді.
***
Әкесі жаңа ер алса,
Ескі ері баласына қалады.
***
Әкесі жаңа жұртқа белгі салмай кетсе,
Балалары ескі жұртқа таласады.
***
Әкесі көрмегенді – ұлы көрер,
Шешесі көрмегенді – қызы көрер.
***
Әкесі қой баға білмегеннің
Баласы қозы баға білмейді.
***
Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
***
Әкесіз бала – панасыз,
Құлыпсыз есік – панасыз.
***
Әкесін сыйламаған кісі баласын сыйламайды.
***
Әкесін сыйламаған
кісіні баласы сыйламайды.
***
Әкесін сыйламағанның баласы сыйламайды.
***
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
maqal-matel.kz
