Әзілде кек жоқ,
Күлкіде шек жоқ.
***
Әйел адам сырыңды алса,
Дұшпан үштен бірін қылады.
***
Әйел дауысты еркекте
Жау айбынар зәр болмас.
Еркек дауысты әйелде
Үлкенді сыйлар ар болмас.
***
Әйелге батыр қолға жоқ,
Үйде батыр жауға жоқ.
***
Әйелден батыр шықпас,
Ақымақтан ақыл шықпас.
***
Әйелің дұшпандық қылса,
Қара пәле басқаны.
Балаң тілді алмаса,
Қадіріңнің қашқаны.
***
Әке достығынан Отан достығы күшті.
***
Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
***
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
***
Әкімге қарсылық қылма,
Күніңе кемшілік келер.
Молдаға қарсы болма,
Дініңе кемшілік келер.
***
Әкімнің достығына сеніп болмайды.
***
Әкімнің қарсысы болсаң, ісің жаман,
Молданың қарсысы болсаң, дінің жаман.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бөркін тастап қашады жамандықта.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бір күн тастап қашады жамандықта.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
***
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
maqal-matel.kz
