Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
***
Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
***
Ағайынға сүйеніп мал өседі,
Қарағайға сүйеніп тал өседі.
***
Ағамыз қазақ,
Іргеміз ағаш.
***
Ағаш аралаған – үйші,
Ел аралаған – сыншы.
***
Ағаш ат ағындамайды.
***
Ағаш ат аяңдамайды.
***
Ағаш атқа жіп құйысқан.
***
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз ерер.
***
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
***
Ағаш бесікке түскен
Жер бесікке де түседі.
***
Ағаш бесіктен жер бесікке дейін үйрен.
***
Ағаш бір жерде көгереді.
***
Ағаш біткенді жүкті қылатын – жел.
***
Ағаш еккенге, мал баққанға бітеді.
***
Ағаш еккеннің аты қалар.
***
Ағаш жаз болса толады,
Күз болса солады.
***
Ағаш – жапырағымен,
Жер – топырағымен.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Қысқартуың оңай.
Темір кессең, қысқа кес –
Ұзартуың оңай.
***
Ағаш кессең, ұзын кес –
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең, қысқа кес –
Соға келе ұзарар.
***
Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.
***
Ағаш көркі – жеміс,
Адам көркі – жақсы іс.
***
Ағаш қазанның түбі күйер.
***
Ағаш қамшы көп болар,
Аттанар күні жоқ болар.
***
Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.
***
Ағаш мықтысы дауылда сыналады,
Адам мықтысы ауырда сыналады.
***
Ағаш он жылда, адам жүз жылда жетіледі.
***
Ағаш та бір жерде көгереді.
***
Ағаш та ылғалды жерде көгереді.
***
Ағаш тамырдан өседі,
Ақыл сабырдан өседі.
***
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
***
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
***
Ағаш тамырынан су ішер.
***
Ағаш түзу болса, көлеңкесі қисық болмайды.
***
Ағаш ұстаған жерінен сынбайды.
***
Ағашқа науа біткен сайын,
Бәсең болмақ керек.
***
Ағаштан ат мінбе,
Жаманнан дат ілме.
***
Ағаштан құман болмас,
Алаштан туған болмас.
***
Ағаштан оқтық та, боқтық та шығады.
***
Ағашты балта бұзады,
Жылқыны маңқа бұзады.
***
Ағашты балта бұзады, үстірік түзейді.
***
Ағашты желім қосады,
Ағайынды келін қосады.
***
Ағашты жемісінен таниды,
Адамды ісінен таниды.
***
Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмашылдың туысы мол.
***
Ағаштың басы сынса, түбі қалар,
Екеудің біреуі өлсе, бірі қалар.
Жалғыздың өзі өлсе несі қалар?
Киген киім, мінген ат жауда қалар.
***
Ағаштың басын құрт жейді.
***
Ағаштың жақсысы – шынар,
Адамның өңсізі – шыбар.
***
Ағаштың жемісін жеймін десең,
Түбіне балта шаппа.
***
Ағаштың жемісіне қара,
Адамның жеңісіне қара.
***
Ағаштың қисығы тезге түседі,
Жігіттің қисығы көзге түседі.
***
Ағаштың тоны – қабығы,
Құстың тоны – мамығы.
***
Ағаштың тірегі – тамырын терең тартқаны.
Адамның тірегі – достарын тең тапқаны.
***
Ағашы аласа, алмасы тамаша.
***
Ағашы аласа болса да, алмасы тамаша.
***
Адам көркі – шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ.
***
Адамгершілікке арналған
Үш сауап бар,
Шөлге құдық қазған,
Өзенге көпір салған,
Жолға ағаш еккен.
***
Адамды еңбек көркейтеді,
Ағашты – миуасы.
***
Ажалдыға ағаш – оқ.
***
Азаматқа – парасат,
Ақылсызға – ағаш ат.
***
Азығың, наның көп болса,
Ағаштың түбі бейістей.
Бір тістем наның жоқ болса,
Шаттықтың өзі кейістей.
***
Ақылсыз адам мәуесіз ағаш секілді.
***
Ақылы терең адамның
Аясы кең келеді.
Тамыры терең шынардың
Саясы кең келеді.
***
Алма ағаш жемісімен тәтті,
Сүйгенің ақыл, жұмысымен тәтті.
***
Алма ағашынан алыс түспейді.
***
Алтын балтаның да сабы ағаш.
***
Алтын тон кисең, атаңды ұмытпа,
Тоғайға барсаң, балтаңды ұмытпа.
***
Алысқа шабар айғырды,
Сағағынан байқарсың.
Жеміс салар ағашты,
Сабағынан байқарсың.
Ықыласын жақсының,
Қабағынан байқарсың.
***
Алыстан атқан ағаш оқ ажалдыға тиеді.
***
Ана алақанының аясы –
Ақ шынардың саясы.
***
Ана көркі –
Алдындағы баласы.
Қала көркі –
Үйі, орман, ағашы.
***
Анадан алтау туғанша,
Жалғыз туса нетеді,
Елге тұлға болғалы;
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге айыр бұтақ бітсе, нетеді,
Құсқа тұғыр болғалы.
***
Арба сынса – отын,
Ат өлсе – етің.
***
Арбаң сынса – отын,
Атың өлсе – етің.
***
Арғымақ атқа – алтын қасты ер керек:
Арқалап отын тасыған,
Арқасы терге сасыған.
***
Арқалап отын тасыған,
арқасы терге сасыған.
***
Арманымен – ер сұлу,
Орманымен – жер сұлу.
***
Арша жаққанның айлығы кетеді,
Тал жаққанның тайлығы кетеді.
***
Арша өскен жерінде
Адамзат өскен елінде.
***
Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар.
***
Арықтың көркі – сәмбі тал,
Аттың көркі – құйрық, жал.
***
Ас – аз, ниет – көп
Отын – олжа,
Су – қорлық.
***
Асқақтаған ұлық болмайды,
Жемісті ағаш биік болмайды.
***
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.
***
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
***
Атамыз – Алаш,
Керегеміз – ағаш.
***
Атаңнан мал қалғанша
Тал қалсын.
***
Аузымен астау шапқан
Қолымен жаңқа жара алмас.
***
Ауызбен ауыл көшірме,
Тіліңмен отын отама.
***
Аялы ағаш – саялы.
***
Аюдан қорыққан орманға бармас.
***
Аюдан қорыққан тоғайға бармас.
***
Аюдан қорықсаң,
Тоғайға отынға барма.
(Ә-ден басталатын мақал-мәтелді мына жерден оқисыздар)
maqal-matel.kz
