Ә

Әдемілігіне қарама,
Әдебіне қара.
***
Әдеп басы – тіл.
***
Әдеп пен тәртіптің басы – тіл.
***
Әдепсіз аяқ боқ басады.
***
Әдепсіз әйел тұзсыз аспен тең.
***
Әдепсіз бала – аяққа басылған шала.
***
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.
***
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
***
Әдепсіздің аяғы боқ басады,
Сөзі шоқ басады.
***
Әдепті әдепсізден үйрен.
***
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
***
Әдепті бала
Ата-анасын мақтатар.
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
***
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
***
Әдепті бала елге мәнзүр.
***
Әдепті бала өсірсең,
Ауылдың абыройы.
Ақылды жігіт өсірсең,
Атырабыңның абыройы.
***
Әдепті жан абайшыл,
Алкеуде жан айғайшыл.
***
Әдепті жігіт – қылықты қыз.
***
Әдепті келін – ауылдың көркі.
***
Әдепті сөйле де, тыныш отыр.
***
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
***
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Адамдықтың белгісі –
Көп артынан ергені.
***
Әдептілік ерге керек,
Екінші қызға керек.
***
Әдептілік ерге керек һәм қызға керек.
***
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Жақындықтың белгісі –
Кешіктірмей келгені.
***
Әдептің басы – байқап сөйлеу.
***
Әдептің не екенін,
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
***
Әдептің не екенін әдепсізден көр.
***
Әдет – әдет емес, жөн – әдет.
***
Әдеттің озығы бар,
Тозығы бар.
***
Әке деген айтарға,
Шеше жолы бір басқа.
***
Әкім өзгерсе де, әдет өзгермейді.
***
Әуелгі сөз – ағадан,
Әдепті сөз – ініден.
***
Әулиелік қонды десе, нан,
Әдет қалды десе, нанба.

maqal-matel.kz