Әкімге ісің түспесін,
Қалыңға құсың қонбасын.
***
Әр арна өз көгілдірін аққу санар.
***
Әр заманда бір сұрқылтай.
***
Әр құстың өз алдына жемі бар,
Әркімнің өз алдына теңі бар.
***
Әрбір құстың өз алдына жемі бар,
Әр адамның өз алдына тегі бар.
***
Әркім өз қазын аққуым дейді.
***
Әсем мінез аққуды
Айдын шалқар көлде көр.
Жаны сұлу аруды
Жадырай қонған елде көр.
***
Әскер – бектің қанаты,
Құс қанатсыз ұша алмайды.
***
Әтешке «шақыр» десең, «мезгілі болсын» дейді.
***
Әуедегі тырнадан қолыңдағы шымшық игі.
***
Әупілдек деген бір құс бар,
Даусы жер жарады.
Қасына барсаң торғайдай.
maqal-matel.kz
