Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.
***
Ағайынның азары көп болса да,
Безері болмас.
***
Ағайының көп болса, қоғам бол,
Бірің оған, бірің бұған бол.
***
Ағаш қамшы көп болар,
Аттанар күні жоқ болар.
***
Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмашылдың туысы мол.
***
Адал жанға мың дос аздық етеді.
***
Адал кәсіп аз емес,
Ықтият бол арамнан.
***
Адам көші керуендей тізілген,
Көп кідірмес кезі бар ма үзілген?
***
Адамға ақыл көптік қылмайды.
***
Адамға ақыл көптік қылмайды,
Азаматқа өнер көптік қылмайды.
***
Адамға тілене беру – ұят:
Тапқан наны көбейгенімен,
Абыройы азады.
***
Адамның байыған сайын жетпегені молаймақ,
Керегі таусылмас.
***
Адассаң, көппен адас.
***
Адырында арқар көп,
Адамында дарқан көп.
***
Аз-аздан жиналса, көп болады,
Көп аздан жиналады.
***
Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.
***
Аз айтып сұйылтып,
Көп айтып қойылтары жоқ.
***
Аз арулы, сый сатулы.
***
Аз ас, көп ниет.
***
Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма.
***
Аз асты аяған,
Көп астан құр қалады.
***
Аз ассаң, аз пысады,
Көп ассаң, көп пысады.
***
Аз ассаң, аз пысады,
Көп ассаң, көп пысады,
Бисмилла кө…н қысады.
***
Аз ба, көп пе етпесең әрекет,
Тірлігіңде болмайды берекет.
***
Аз байласаң, аз мінерсің,
Көп байласаң, көп мінерсің.
***
Аз бергенді көп көріп,
Көп бергенді көргенмін.
Қарындасты қас көріп,
Топ көргенді көргенмін.
***
Аз беремін дегеннің
Көп бергенін көргенмін.
Көптің тілін алмағанның
Аузын қойдай кергенін көргенмін.
***
Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің,
Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.
***
Аз болса да мәз болсын.
***
Аз болса да, саз болсын.
***
Аз ғана асым,
Даусыз басым.
***
Аз ғана елге хакім болма,
Аз ғана асқа бөгеуіл болма.
***
Аз ғана игі іске көп рахмет айт.
***
Аз да болса, қаптай көр.
***
Аз да болса, саз болсын.
***
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
***
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
***
Аз деп жауды аяма.
***
«Аз екен» деп жауыңа мұрсат берме.
***
Аз елге бақауыл болма,
Аз елге бек болма.
***
Аз ешкінің көсемі көп,
Аз ауылдың шешені көп.
***
Аз жақсылық –
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық –
Ақылды кең етеді.
***
Аз жеген көп жер,
Көп жеген несін жер.
***
Аз күйікті ас басар.
***
Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Аз қайғыны ас басар,
Көп қайғыны дос басар.
***
Аз қойда айран бар да, өре жоқ.
***
Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.
***
Аз от алауласа, шаһар өртейді.
***
Аз өмір сабырмен өтеді,
Ақсақ үйіне асықпай жетеді.
***
Аз сөйлеген – ақылды.
***
Аз сөйлеген – даналық,
Көп сөйлеген – надандық.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көбік.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – көмір.
***
Аз сөз – алтын,
Көп сөз – күміс.
***
Аз сөз – ишарат,
Көп сөз – кінарат.
***
Аз сөйле, көп тыңда.
***
Аз сөйлеген – даналық,
Көп сөйлеген – надандық.
***
Аз сөйлеп, көп ойла.
***
Аз тапсаң да, алал тап.
***
Азға қанағат,
Көпке шүкір.
***
Азға қанағат етпеген
Көптен құр қалады.
***
Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.
***
Азды алмаған, көптен құр қалады.
***
Азды арбаған,
Көптен құры қалған.
***
Азды аяған көптен құр қалар.
***
Азды көпке қосқанның арманы жоқ.
***
Азды көріп азба,
Көпті көріп қызба.
***
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.
***
Аздың алтыны болғанша,
Көптің көмірі бол.
***
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
***
Аздың атасы бір,
Көптің көрі басқа.
***
Аздың атасы бір,
Көп көмек тілемейді.
***
Аздың атасы бірге.
***
Аздың ашпыз дегеніне нанба,
көптің тоқпыз дегеніне нанба.
***
Аздың «ашпын» дегеніне нанба,
Көптің «жоқпын» дегеніне нанба.
***
Аздың қадірін білмеген
Көптің қадірін қайтіп білмес.
***
Азы-көбі күшіңнің белдескенде білінер,
Азы-көбі түйеңнің ел көшкенде білінер.
***
Азы қарулы,
Сый сатулы.
***
Азығың, наның көп болса,
Ағаштың түбі бейістей.
Бір тістем наның жоқ болса,
Шаттықтың өзі кейістей.
***
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын –
Бақыт деген сол.
***
Азын ашпай, жарлы өлер,
Көбін ашпай, бай өлер.
***
Азын-шоғын ағалық,
Аз оқыған молдалық,
Ата ұлына керек-ті.
***
Азын ішпей, жарлы өлер,
Көбін ішпей, бай өлер.
***
Айдап салдан аз өлер,
Көре салдан көп өлер.
***
Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
***
Ақиқат аз сөйлейді.
***
Ақтығың мол болса, ашаршылық келмейді.
***
Ақыл алсаң, азбассың,
Көпті көрген көнеден.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Ақылдан ашу көп болса, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса, ашу не етер.
***
Ақылды адам аз жейді.
***
Ақылды адам ашықса,
Ақылымен тоғаяр.
Ақылсыз адам ашықса,
Аз ақылы жоғалар.
***
Ақылды атанбайды көп сөйлеген,
Ақылды сөзді үнемдеп дөп сөйлеген.
***
Ақылды басшың болса,
Елдің алды боларсың.
Ақылсыз басшың болса,
Елдің азы боларсың.
***
Ақылды кісі аз сөйлер.
***
Ақылды кісінің белгісі аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Ақылды кісінің белгісі –
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Арғымақтың белгісі –
Аз оттап, көп жусайды.
***
Ақылменен көп елді қаратып алуға болады.
***
Ақылсыз топас хандардан,
Ақылы көп дана артық.
***
Ақылы аз деп қорсынба, пайдасы тиеді.
***
Ақылы аздың азабы көп.
***
Ақымақ адам епшіл келеді,
Ақылды адам көпшіл келеді.
***
Ақымақтың досы көп.
***
Ала берсең, жеңіл болар,
Қоса берсең, көп болар.
***
Ала еккен аз алады.
***
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
***
Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.
***
Алтаумын деме, жетеуге жолығарсың,
жетеумін деме, сегізге жолығарсың.
***
Алтынның өлтірген адамы аз емес.
***
Алтының көп те болса, ішке сақта.
***
Алыс-беріс адал істе епшіл бол,
Жол ашылар, әр кезде де көпшіл бол.
***
Алыстағы аз несібеден сақта.
***
Андызды жерде, ат өлмес,
Ағайыны көп ер өлмес.
***
Арғымақ аз оттап, көп жусайды.
***
Арғымақ айғыр баласы – аз оттап, көп жусар.
***
Арғымақ атқа көп міндім,
Садаға кетсін буданнан.
Ер жігітпен дос болдым,
Садаға кетсін туғаннан.
***
Арғымақ аттың баласы, аз оттап, көп жусайды,
Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды
***
Арғымақ аттың баласы аз оттап,
көп жусайды,
Хан-төренің баласы аз сөйлеп,
көп тыңдайды.
***
Арғымақ аттың белгісі –
Аз оттар да, көп жусар.
Жақсы адамның белгісі –
Аз сөйлер де, көп тыңдар.
***
Арғымақ аттың белгісі –
Аз ғана оттап, көп жусар.
Асыл ердің белгісі –
Аз сөйлеп, көп тыңдар.
***
Арғымаққа көп міндім,
Садаға кетсін буданнан.
Азаматқа көп ердім,
Садаға кетсін туғаннан.
***
Арғымақтың баласы
Аз ғана оттап, көп жусар.
Азаматтың баласы
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдар.
***
Арғымақтың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Хан-төренің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Арғымақтың белгісі – аз оттап, көп жусайды.
***
Арғымақтың жақсысы
Аз ғана оттап, көп жусайды.
Адамзатың жақсысы
Аз ғана сөйлеп, көп тыңдайды.
***
Арықтағанның күші бар,
Семізде көптің көзі бар.
***
Ас – аз, ниет – көп
Отын – олжа,
Су – қорлық.
***
Ас көп болса, кәде көп.
***
Асыға жауап берген аз ойлар.
***
Асың болса досың көп.
***
Асқан сұлулықтан
Аз ғана бақыт артық.
***
Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың,
Сыйламасаң, жан қинарсың.
***
Ата тілін алмаған,
аман болып көп жүрмес.
***
Атадан аздай, адасқан қаздай.
***
Атадан алтау тусаң да,
басыңа түсер жалғыздық.
***
Атан жүгі ас болса да,
Ашқа аз көрінер.
***
Атқа аз арт та, қатты жүр,
Түйеге көп арт та, жай жүр.
***
Атлас – қымбат, бөз – арзан,
Көп сөйлеген сөз – арзан.
***
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
***
Аударыспақ ойнаса,
Аздың арты қылпылдайды.
Тақия салмақ ойнаса,
Таздың арты қылпылдайды.
***
Аузы берен жігіттің бір ажалы көптен,
Штаны жоқ әйелдің бір ажалы шөптен.
***
Ауру азайса, тәуіп ауырады.
***
Ауру аздырады,
Өлім аз қылады.
***
Ауруға емші көп.
***
Ашаршылықтан көп көрдім,
Май жеген өлмейді екен.
***
Ашаршылықты көп көрген,
өзі тоймай мә демес.
***
Ашу келсе, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер.
***
Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.
***
Ашуы көп болса, ақылы кетер,
Ақылы көп болса, ашу не етер.
maqal-matel.kz
