Әділ бидің өлгені –
Сөзінің болса жалғаны,
Құламаның өлгені –
Болмаса тәлім алғаны.
***
Әзірейіл барында жаным бар деме,
Буыршын барында малым бар деме.
***
Әзірейіл барда, жаным бар деме,
Һауада бұлт барда, малым бар деме.
***
Әзірейіл жанға ортақ,
Отанның жаман ұлы малға ортақ.
***
Әйел жомарттық кылғанда,
еркек намарттық кылғаны өлім.
***
Әйел өлсе үйің кетеді,
басыңнан күйің кетеді.
***
Әке-шешесіне жаман сөз айтқан
кісіні өлтіруге тиісті.
***
Әкем өлгені маған жақсы,
Көпшігі көтіме жақсы.
***
Әкем өлсе де, өлгенім жоқ.
***
Әкемді алсаң ал, шешемді қой,
Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой.
***
Әкемнің өлерін білсем,
Кебекке сатып жер едім.
***
Әкемнің өлерін білсем,
Өзбекке сатпас па едім.
***
Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
***
Әкеңді өлтіргенге шешеңді бер.
***
Әкесі өлгенді де естіртеді.
***
Әккінің ажалы амалынан,
Ашкөздің ажалы тамағынан.
***
Әл үстінде жатқан адамның
Аузына мақтамен су тамызады.
***
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
***
Әр таудың шөбін көксеген бұғы аштан өледі.
***
Әруақ қанға тояды.
***
Әруақты сыйласаң, түсіңнен шықпайды,
Жаманды сыйласаң, үйіңнен шықпайды.
***
Әрі-сәрінің қонағы аштан өлер.
maqal-matel.kz
