Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
***
Әділсіз болса, би оңбас,
Әйелсіз болса, үй оңбас.
***
Әйел билеген еркек – қақпаға байлаған қоңырау,
Қақпа ашылса, қаңғырлайды,
Қақпа жабылса, міңгірлейді.
***
Әйел өлсе үйің кетеді,
басыңнан күйің кетеді.
***
Әйел – үйдің ажары,
Бала – үйдің базары.
***
Әйел – үйдің көркі,
Еркек – түздің көркі.
***
Әйелге батыр қолға жоқ,
Үйде батыр жауға жоқ.
***
Әйелдің дауысы қатты шыққан үйің
босағасынан жақсылық күтпе.
***
Әйелсіз үй сусыз диірменмен тең.
***
Әйелі жоқ үй – жетім.
***
Әйелің жақсы болса,
Сыртта тұрып дыбыс ет.
Әйелің жаман болса,
Үйге кіріп оңбас ет.
***
Әкесіз бала – панасыз,
Құлыпсыз есік – панасыз.
***
Әр елдің өз әкімі бар (мұны арабтар айтады),
Әр үйдің өз ханы бар (мұны түріктер айтады).
***
Әр қалада бір үйің болсын.
***
Әркімнің тұрған үйі мысыр шаһарындай.
***
Әуелі отыңның басын біл,
Онан соң ауылыңды біл.
Онан соң аймағыңды біл.
maqal-matel.kz
