Әйел адам сырыңды алса,
Дұшпан үштен бірін қылады.
***
Әйел алмаған жігіт елуге келсе де, бозбала,
Бала таппаған қатын қырыққа келсе де, қыз бала.
***
Әйел қырық шырақты.
***
Әйелдің аузы алпыстікі,
Асты жетпістікі.
Иінің аузы кім болса соныкі,
Не болса да, түбі өзінікі.
***
Әкеден алты батпан артық тудым десе,
Жеті батпан жетпей туады.
***
Әкеден бала үшеу туады.
***
Әкең алпысқа келсе, қойшы алма.
***
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
***
Әлі келмеген ақыретте алғанмен алтау болмас,
Жегенмен жетеу болмас.
Қаншама аузы болғанмен,
Құдай бергендей тіпті болмас.
***
Әр асқанға бір тосқан.
***
Әр ауылдың бір адырақпайы бар.
***
Әр заманда бір сұрқылтай.
***
Әр кәллаға бір қиял.
***
Әр кемістікке – бір жетістік
***
Әр кісіде бір қиял.
***
Әр қалада бір үйің болсын.
***
Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
***
Әр нәрсеге ашық болғанша,
Бір нәрсеге ғашық бол.
***
Әр нәрсеге бір зауал.
***
Әр сұлудың бір міні бар.
***
Әр ханның тұсында бір сұрқылтай.
***
Әркім жолдас болады амандықта,
Бір күн тастап қашады жамандықта.
***
Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.
***
Әркімнің бір ойы бар,
Қиялында мың ойы бар.
***
Әркімнің бір ойы бар,
Қорасында мың қой бар.
***
Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық.
***
Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық,
Онан кейін ақ жаулық.
***
Әуелгі байлық – иман байлық,
Екінші байлық – денсаулық.
Үшінші байлық – ақ жаулық,
Төртінші байлық – он саулық.
***
Әупілдек деген бір құс бар,
Даусы жер жарады.
Қасына барсаң торғайдай.
maqal-matel.kz
