А

Адал ақынның ауызы бал,
Арамза ақынның ауызы дал.

Ақ серке қой бастайды.
Ақын жігіт той бастайды.

Ақылды әйел –ерінің өлең жазған хатирасы.
Ақылсыз әйел – ерінің басын ауыртар сақинасы.

Ақын болатын бала,
Атқа әуес,
Әкім болатын бала,
Таққа әуес.

Ақын болсаң, той көп.

Ақын болу өз еркің,
Азамат болу борышың.

Ақын елдің еркесі,
Батыр елдің серкесі.

Ақын жігіт той бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар.

Ақын өлең айтпайды, жантайған соң,
Адам келмес үйіңе мал тайған соң.

Ақын тілді келеді,
Ат тұяқты келеді.

Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.

Ақын туа болады,
Шешен жүре болады.

Ақыннан тақпақ қалады,
Арсыздан шатпақ қалады.

Ақынның жауға септігі жоқ,
Палуанның дауға септігі жоқ.

Ақынның тілі қылыштан өткір.

Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.

Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.

Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.

maqal-matel.kz