А

Ағаштан құман болмас,
Алаштан туған болмас.

∗∗∗

Айылың құйысқандай болса,
Алашың туысқандай болсын.

∗∗∗

Ақымақ болса туысың,
Ақы беріп, бауыр қыл.
Ақылын тауып, Алашты
Араз қылма, ауыл қыл.

∗∗∗

Алаштың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

∗∗∗

Алысты жақын қылған ат әулие,
Алашты жақын қылған қыз әулие.

∗∗∗

Арғымақ деп кім айтар,
Жабыны басып озбаса.
Азамат деп кім айтар,
Алашқа олжа салмаса.

∗∗∗

Атамыз – Алаш,
Керегеміз – ағаш.

maqal-matel.kz