Әділ патша гүлстанға ұқсайды,
залым патша зымыстанға ұқсайды.
***
Әзәзілдің соңына ерме,
Өтірікшінің сөзіне сенбе.
***
Әйелің дұшпандық қылса,
Қара пәле басқаны.
Балаң тілді алмаса,
Қадіріңнің қашқаны.
***
Әйелің жақсы болса, бағыңның асқаны,
Жаман болса, қараның басқаны.
***
Әулие ат үстінде,
Машайық мал ішінде.
maqal-matel.kz
