Ә

Әділ бидің өлгені –
Сөзінің болса жалғаны,
Құламаның өлгені –
Болмаса тәлім алғаны.
***
Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.
***
Әзәзілдің соңына ерме,
Өтірікшінің сөзіне сенбе.
***
Әлем қанша кең болса,
Ақиқат соған тең болар.
***
Әр түйіннің өз шешуі бар.
***
Әуелгі сөзі рас болса,
соңғы сөзінің өтуіне жақсы.
***
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуі жақсы.
***
Әуелгі сөзің шын болса,
Соңғы сөзіңе жол болады.

maqal-matel.kz