А

Аз ғана игі іске көп рахмет айт.

Ақ дегені – алғыс,
Қара дегені – қарғыс.

Аққа зауал жоқ,
Ақ иіліп сынбайды.

Ақсақалдан бата алған,
Құдайдың рахметіне жолығар.

Алғыс алған ағарады,
Қарғыс алған қараяды.

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.

Алғыс алған аман,
Қарғыс алған жаман.

Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.

Алғыс алған мың жасайды,
Қарғыс алған оңбайды.

Алғыс алған тектемес,
Қарғыс алған көктемес.

Алғыс түбі – ақ май,
Қарғыс түбі – қара қан.

Алпыс құлан ат болмады, атасына нағлет аңшылық.

Алтын алма, алғыс ал,
Алғыс алтын емес пе!

Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген – жер сыйы,
Алғыс деген – ел сыйы.

Амалсыз істелген жақсылық
Алғысқа татымайды.

Ананың тілін алмаған азапқа қалады.

Ана қарғысы – боқ,
Ата қарғысы – оқ.

Ат мінбегеннің атасына нәлет,
Тон кимегеннің анасына нәлет.

Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.

Атаның алғысы – алтын.

Атаңа нәлет ешнәрсе емес,
Әшейін, көңіл қалдырады.

Атаңа нәлеттен кісі өлмейді.

Ауызынан ақ ит кіріп,
Қара ит шығады.

maqal-matel.kz