Бабаның тал қондырғаны –
Өзіне ат қалдырғаны.
***
Байларменен алысып болмас,
Терекпенен күресіп болмас.
***
Байменен алысып болмас,
Терекпенен күресіп болмас.
***
Бақсыға ісің түспесін,
Қалыңға құсың түспесін.
***
Бақыт құсы бәйтерекке де,
Өлімтікке де қонады.
***
Балта шапқанша, дөңбек жол табады.
***
Бастау солса да, бәйтерек солмайды.
***
Бау-бақшаның қараусыз қалғаны –
Көк ағаштың отын болғаны.
***
Бауыры жоқ бағананы құшақтайды.
***
Бәйтерек басын күн шалса,
Көлеңкесі жердікі.
Артық туған ақылды
Өмір бойы елдікі.
***
Бекпен алысып болмас,
Терекпен күресіп болмас.
***
Берекелі бұлақтың –
Басы иілген талы болады.
Берекелі халықтың –
Белі иілген шалы болады.
***
Берекелі тоғайда
Басын иіп тал тұрар.
Берекелі ауылда
Ақылы дана шал тұрар.
***
Бөрене арқылы бөрі қума.
***
Бөрене кессең, шыбық ек.
***
Бөрік жетпес терекке балта шаппа.
***
Бөрінің табысы бөлісте,
Құзғынның табысы ағаш басында.
***
Бұдырсыз жазық жоқ,
Бұтақсыз ағаш жоқ.
***
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
***
Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
***
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.
***
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Көрікті әйелге сөз ереді.
***
Бұтаққа қорғалаған торғай да қалады.
***
Бұтақсыз ағаш болмайды,
Туылдырықсыз Алаш болмайды.
***
Бұтаны қорғалаған
Торғайдың да жаны қалады.
***
Бүрлі қара терек
Бір күнде керек.
***
Бір ағашта қанша бұтақ,
Біреуі-ақ қамшыға сап.
***
Бір жыл тұт еккен кісі,
Мың жыл гауһар тереді.
***
Бір сиыр тоғай боқтамас,
Тоғай оны жоқтамас.
***
Біреудің талын біреу кеспейді.
***
Бірін қырықсаң, он қондыр.
maqal-matel.kz
