Байдың сөзі адал,
Биі әділ.
***
Байлықтың керегі не, қайыры болмаса,
Биліктің керегі не, әділдігі болмаса.
***
Баланы Құдай берсін,
Алалынан бермесе, ала берсін.
***
Барлық әрне дегізер,
Жоқтық арам жегізер.
***
Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ би бір қатыннан туады.
***
Батыр кісі әр қатыннан туады,
Әділ кісі бір қатыннан туады.
***
Батыр ортақ, бай ортақ,
Төресі әділ хан ортақ.
Қараңғы үйдің ішінде
Шалқымай жанған шам ортақ.
***
Бейкүнә адамға тіл тигізу –
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
***
Би әділ болса, дауды тындырады,
Залым болса, сөнген дауды жандырады.
***
Биді Құдай ұрмайды,
Алымға сөзін бұрса да.
***
Бидің әділ сөзі – тентектердің тезі.
***
Бидің пара алғаны – боқ жегені,
Арамдығы бар, адалдығы жоқ дегені.
***
Биі әділ болса, елінде бір дау болмас,
Жаман биге барған адам сау болмас.
***
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
***
Бұлбұл гүлінде сайрайды,
Адал басшы ел-жұртын ойлайды.
***
Бір аяқтағы астың жартысы адал,
Жартысы арам болады.
maqal-matel.kz
