Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.
***
Байдың жаны кейісе,
Құдайын қарғайды.
Кедейдің жаны кейісе,
Құралайын қармайды.
***
Балаға атаның қарғысы – атқан оқ,
Ананікі – сөнген шоқ.
***
Балаға тиме, бәлесі жұғар.
Қатынға тиме, қарасы жұғар.
***
Бедеу мінсең, бел асасың,
Алғыс алсаң, көп жасайсың.
***
Бейкүнә адамға тіл тигізу –
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
***
Бостан-босқа қарғанба,
Саған кісі нанбайтын болар.
maqal-matel.kz
