Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.
***
Ағайын жақында болса, тістескен,
Алыста болса, кісінескен.
***
Ағайын көңіл қалдырса,
Алыстан жақын іздейсің.
***
Ағайынның жақын болуы қатыннан,
Алыс жердің жақын болуы атыңнан.
***
Ағайыныңмен алыстан сыйлас.
***
Адам мен адам арасы –
Аспан мен жер арасы.
***
Адам мен адамның арасы –
Жер мен көктей.
***
Адамды арман қосады, алшақты дәрмен қосады.
***
Азықсыз адам алысқа бармайды.
***
Ай толық болса,
Айдыны әлемге кетер.
***
Ақ шағала көрінді –
Алыс емес су жақын.
***
Ақпанда күн –
Ат адым ұзарады.
***
Ақша қарда көп жүрсең,
көзің бір күн қарығар,
алыс жерде көп жүрсең,
көңілің бір күн тарығар.
***
Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
***
Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.
***
Ақылдан жақын дос бар ма?
***
Ақылдыны алысым деме,
ақылсызды жақыным деме.
***
Ақылы асқан жақсыны
«Алысым» деп ойлама;
Ақылы жоқ жаманды
«Жақыным» деп ойлама.
***
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама,
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
***
Ақырын жүрсең,
Алысқа жетерсің.
***
Алақаннан жем жеген құс алысқа ұшпайды.
***
Алатауды алыстан көргін, басына барма,
Жақсы адамыңмен алыстан сыйлас, қасына барма.
***
Алма ағашынан алыс түспейді.
***
Алмауыттан ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Әдепті, арлы жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің.
***
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
***
Алыс болса ауылың, бармайсың ба?
***
Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.
***
Алыс жерге құда болсаң,
Арту-арту ас келер.
Жақын жерге құда болсаң,
Арту-арту сөз келер.
***
Алыс жерге құда болсаң,
Түйе-түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң,
Түйе-түйе сөз келер.
***
Алыс жол атқа сын,
Ауыр жол ерге сын.
***
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
***
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жүк атанды сынайды.
***
Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла.
Жаудың алдын алар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.
***
Алыс жолды жақын ететін атың,
Туысты туыс, алысты қиыс ететін қатын.
***
Алыс жолдың іздерін түйе білер.
***
Алыс жорық атты сынайды,
Ауыр жүк нарды сынайды.
***
Алыс жүрсең де, жолмен жүр.
***
Алыс пенен жақынды жортқан білер,
Ащы менен тұщыны татқан білер.
***
Алыс пенен жуықты жүрген білер.
***
Алыс сапар,
Алғашқы адымнан басталады.
***
Алыс та болса, жол жақсы,
ақсақ та болса, қыз жақсы.
***
Алысқа барса, олжамен оралар.
***
Алысқа жүрсең, ат сайла.
Қой өсірсең, қора сайла.
***
Алысқа сілтейтін –
Асыл – мұрат.
***
Алысқа шабар айғырды,
Сағағынан байқарсың.
Жеміс салар ағашты,
Сабағынан байқарсың.
Ықыласын жақсының,
Қабағынан байқарсың.
***
Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.
***
Алыста жүрген дұшпаннан,
Жаныңнан аңдыған дос жаман.
***
Алыста жүрсе кісінеске,
Жақында жүрсе тістескен.
***
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
***
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
Өрістегі арғымақтан,
Белдеудегі бесті артық.
***
Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артық.
***
Алыстағы ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
***
Алыстағы апаннан
Алдыңдағы құдық қайырлы.
***
Алыстағы астықтан
Жақындағы сабан артық.
***
Алыстағы әулиеден жуықтағы машайық артық.
***
Алыстағы дариядан,
Жақында жатқан қақ артық.
Төскейдегі тұлпардан,
Жаныңда тұрған жабы артық.
***
Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.
***
Алыстағы дұспаннан
Аңдып тұрған дос жаман.
***
Алыстағы дұспаннан
Атып тұрған дос жаман.
***
Алыстағы дұшпаннан
Аңдып жүрген дос жаман.
***
Алыстағы жаудан
Аяқ астындағы дұшпан жаман.
***
Алыстағы жаудың дүбірінен қорықпа,
Қасыңдағы жаудың күбірінен қорық.
***
Алыстағы кісінеседі,
Жақындағы тістеседі.
***
Алыстағы судан сусының қанбайды.
***
Алыстағы туысқаннан
Жақындағы көрші артық.
***
Алыстағыны – ақыл болжар,
Жақындағыны – пақыр болжар.
***
Алыстағыңа сыйын,
Жақындығыңа сүйен.
***
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы қарт шығып атын байлар.
***
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
***
Алыстан арбалағаннан,
Жақыннан дорбалаған артық.
***
Алыстан атқан ағаш оқ ажалдыға тиеді.
***
Алыстан ердің дәрпі бар, қасына келсең баладай,
алыстан таудың дәрпі бар, қасынан көрсең обадай.
***
Алыстан көрсең алдырмайсың,
досыңды жауға қалдырмайсың.
***
Алыстан қара көрінсе,
Жүйірік озар созылып.
Қаба-қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.
***
Алыстан қара көрінсе, қаша бер,
Қаша берсең, амансың.
Некеп-некеп қоймаса,
Қайрылмасаң, жамансың.
***
Алыстан шабынған бураның
Күші кетер.
***
Алыстан шабынған бураның күші қайтады.
***
Алысты жақын қылған ат,
Алысты дос еткен әйел.
***
Алысты жақын қылған ат әулие,
Алашты жақын қылған қыз әулие.
***
Алысты жақындататын – ат,
Жақынды алыстататын – жат.
***
Ана мейірі – аспаннан да шексіз.
***
Аңғарғыш аңшы ауды алыстан бастайды.
***
Арамдықтың адымы алты тұтам,
Арамдық қашып алысқа бармайды.
***
Арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар.
***
Арғымақ болса мінгенің,
Алыс жер жақын емес пе?
Ақылды болса сүйгенің
Аласың жақын емес пе?
***
Арғымақтан жал кетсе,
Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Жарық күнің түн болар.
***
Армансыз адам – алысқа бармас.
***
Арпа берсең атқа бер,
Күтір-күтір шайнасын.
Қызды берсең жатқа бер,
Алыс-жақынды ойласын.
***
Ас берсең, алысқа бер, айта кетер еліне.
***
Ас берсең, ауылы алысқа бер, айта кетер.
***
Асқар тау алыстан көрінеді.
***
Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
***
Аспандай берме,
Жерден ұзап кетерсің,
Жерден ұзап кетсең –
Елден ұзап кетерсің.
Елден ұзап кетсең,
Барса келмеске жетерсің.
***
Асығыс істелген нәрсе алысқа бармайды.
***
Асыққанның жолы
Алыстан кетеді.
***
Ат ариды, тон тозады,
Уақытында аянбаған
Алысқа қолын созады.
Атамай алғанның
Біреуге арқасы тозады.
***
Ат тұяғы – алтын,
Алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын,
Алысты сұрап табатын.
***
Атар таңның алыстығы жоқ,
Алыстаға достың қалыстығы жоқ.
***
Аузыңмен алыстағы аттан оздың.
***
Ауылы алыс қыз алысар,
қыз алыспаса тұз алысар.
***
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпайды.
***
Ашулыдан алты табан қашық тұр.
***
Ащы иә тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
***
Ащы менен тәттіні татқан біледі,
Алыс пенен жуықты жортқан біледі.
maqal-matel.kz
