Б

Байдың күні пәрменімен,
Кедейдің күні арманымен.
***
Байлық мұрат,
Кедейлік ұят емес.
***
Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.
***
Байлық мұрат емес,
Жоқтық ұят емес.
***
Бақ орнап дәреже біткен адамның арманы бітпес.
***
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
***
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
***
Бой жетпегенге ой жетеді,
Қыран жетпегенге қиял жетеді.
***
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
***
Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.
***
Білім талапқа құмар.
***
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болса кез.
***
Бір адамда екі жүрек болмас,
Бір көңілде екі тілек болмас.
***
Бір жақсы менен бір жақсы мұрат қылады.
***
Бір кеменің басын ұстаған мұратына жетеді,
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
***
Бір тілегім орындалса, тағы бар,
Бірі бітсе, тағы бірі табылар.

maqal-matel.kz