Б

Бағасы жоқ қазына,
Алтыннан артық әдеп бар.
***
Бағуыңа қарай мал өседі,
Тәрбиеңе қарай бала өседі.
***
Байлық – басқа машақат,
Ашкөздік – жаман әдет, серті қатты,
Өкініш артында оның қайғы жатты.
Бай болу, кедей болу – тағдыр ісі,
Мал іздеу – ерге әшейін машақат-ты.
***
Бала тәрбиесі бесіктен.
***
Баланы аяғаның – аямағаның,
Аямағаның – аяғаның.
***
Балаңды жасыңда жақсы тәрбиелесең,
Өскенде баласынан ұялмас.
***
Баптай білсе, балапан қыран болар.
***
Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі,
Білімдіге тиер орын төрдегі.
***
Басшысыз ауылдың баласы бассыз.
***
Баулыған батыр болады.
***
Баулыған батыр болар,
Үйретінді шешен болар.
***
Бесіктен бағу көрмеген,
Өмірден қағу көрер.
***
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
***
Бүлік басы бұзықта.
***
Білмегенді білуге талпыну – білімдінің әдеті.
***
Біліктіден шыққан сөз – әдеп үлгісі.
***
Бір баланы тәрбиелеп өсіргенше,
Үлкен қала құрылады.
***
Бір қылғанды екі қылады,
Екі қылғанды әдет қылады.
***
Бір тау бір тауға қосылды десе, сен,
Жаманнан жаман әдеті қалды десе, сенбе.
***
Бірді еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.

maqal-matel.kz