Бай ат мінсе,
«Қайырлы болсын!» дейді.
Жарлы ат мінсе,
«Қайдан алдың?» дейді.
***
Балыққа бата жоқ.
***
Балықтың батасы жоқ,
Иттің атасы жоқ.
***
Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.
***
Бас тілеуін тілеген жарлы оңбайды.
***
Бата алған ұл арымас,
Батасыз ұл жарымас.
***
Баталы құл арымайды,
Батасыз құл жарымайды.
***
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
***
Баталы құлға бақ қонар.
***
Баталы сөз – балаға азық.
***
Батамен ер көгереді,
Жаңбырмен жер көгереді.
***
Бота алғанша – бата ал.
***
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
maqal-matel.kz
