Бақшасында боғы жоқ,
Қызының атын Маржанбике қойыпты.
***
Бақылдың бағы көгермейді,
Көгерсе де, көбеймейді.
***
Бақылдың бауы болмайды,
Бауы болса да, миуа бермейді.
***
Бау-бақшаның қараусыз қалғаны –
Көк ағаштың отын болғаны.
***
Бие бауға, түйе тауға.
***
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
***
Бұлбұл құс зымыстан көрмей,
Күлістан қадірін білмес.
***
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке – тау.
***
Бұлт көтерілсе, бағбан бағын ойлайды.
***
Бір түп шеңгелді мың жыл қоралағанмен бау болмас.
***
Біреуден күнә іздегенше, өнер ізде,
Баққа кірсең тікен тергенше, гүл жина.
maqal-matel.kz
