Б

Басқыштың төменінен бір-бірлеп басып қана жоғары шығуға болады.
***
Бек бергенімен биіктер.
***
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
***
Бетегеден биік бол,
Жусаннан аласа бол.
***
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
***
Биік тауға шыққанның
Алысқа көзі ашылар.
Жақсыменен сөйлескен
Көңіл көзі ашылар.
***
Биік таудың басы болмасақ та,
Бауырындағы тасымыз.
***
Биік таудың басына:
Қиялап ұшып қыран да шығады,
Жер бауырлап жылан да шығады.
***
Биік таудың төбесін көр, жанына барма.
***
Биік таудың төбесін көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп, үйіне барма.
***
Биік таудың шатқалы да терең.
***
Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсыменен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
***
Биікке шықсаң, көңілің ашылар,
Жақсымен тілдессең, зейінің ашылар.
***
Биікпін деп созба мойын,
Биік атақ емес мойын.
Жұртыңнан асып жатса ойың,
Сен шығатын дөңес дайын.
***
Биіктеп кетсең, құлау бар,
Қуанып кетсең, жылау бар,
У ішсең, тәтті ұнау бар.
***
Бұланнан биік аң болмас,
Бұланайдан биік тау болмас.
***
Бұлт асқан тауды биік деме.
***
Біліксіз биік болса дәулетімен,
Білікті биігірек сәулетімен
***
Біліксіз биікке шықпас.
***
Білікті биік тұт,
Ұғымды ұлы тұт.
***
Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.
***
Білім болса, бектер биік заңғар-ды,
Жақсы атанып, ашар ізгі заңдарды.
***
Білімдіге биік орын.

maqal-matel.kz