Бай баласы мақпалын киер,
Кедей баласы тапқанын киер.
***
Бай болсаң, баршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт.
***
Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.
***
Бай болсаң, торғын орамалмен бетің сүрт,
Кедей болсаң, жаныңменен көтің сүрт.
***
Бай болсаң, торғынменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт.
***
Байысаң да өлетұғын кез жетер,
Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.
***
Бар болса, баршамен артыңды сүрт.
***
Бар болса, баршаменен көтіңді сүрт,
Жоқ болса, жаныңменен көтіңді сүрт.
***
Баршын жамауы баршынға,
Қаршын жамауы қаршынға.
***
Бедері кеткен торқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
***
Берері жоқ туғаннан,
Тік сөйлескен жат жақсы.
Бүйірі жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы.
***
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
***
Бөз болмаса, кебін жоқ.
***
Бөз жамауы – бөзге,
Парша жамауы – паршаға.
***
Бөтен адам сөз береді, бөз бермейді.
***
Бұлыңды бұлға берсең,
Бұлың күймес.
***
Бұрынғының қыздары
Қырмызы қызыл жібектей.
Ендігінің қыздары
Түбі түскен шелектей.
***
Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі жібектей.
***
Біткен соң мақта кеспейді,
Қоя тұр бітпей бөскенді.
maqal-matel.kz
