Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
Адал болсаң, ант ішпе!
Адам адамға – аманат,
Дидар көрісу – ғанибет.
Адам уағдада тұрса, сөз қадірін білгені,
Уағдада тұрмаса, ол адамның өлгені.
Адамзат бөз бермейді, сөз береді.
Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
Айтқан сөз атылған оқпен тең.
Айтсаң, сөзіңде тұр.
Айтсаң, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
Айтсаң, уәдеге жет,
Уәдесіз Аллаға шет.
Ақ болсаң, ант ішпе,
Айрандай жұғады бойыңа.
Ақ та болса, ант ішпе,
Айрандай жұғар.
Ақиқат сөзге анттың керегі жоқ.
Ақшадан уәде күшті.
Аманат жұмыс әлекке салады.
Аманат, аманатқа етпе қиянат.
Анаң үшін аянба, ант ұрады.
Ант – аумай, ат жүгірмейді.
Ант бұзған оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.
Ант қылыштан да өткір,
Сөз қояннан да жүйрік.
Ант-уәде жоқ кәпірден.
Ант ұрғанға жолама,
Залалы тимей қала ма.
Ант ұрғанның ер-тұрманы оңбас.
Ант ұрмай ат сүрінбес.
Ант ішкенге сенбесең,
Қан ішкенге жолығарсың.
Ант ішкеннің мыңы өледі,
У ішкеннің бірі өледі.
Ант ішкеннің үйіне барма,
Айрандай жұғады.
Арамдық
Адамның ажарын бұзады.
Ант ұрған
Халықтың базарын бұзады.
Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ,
Көзі бар да, құлақ жоқ.
Асқа талау түссе, ант ұрғанның мұратын береді.
Ата ұлы аталықтың сөзін айтар,
Асылсыз жолдас болса, кері қайтар.
Қасыңа жолдас болып ере қалса,
Дұспанға құпиялап сырыңды айтар.
Аузында сөз тұрмастың
Бір жерде өзі тұрмас.
Ашу үстінде ант жүрмейді.
Ашу үстіне ант жүрмейді,
Пышақ үстіне қылыш жүрмейді.
Ашушаңның анты болмайды,
Сабырсызға дәулет қонбайды.
maqal-matel.kz
