Баға берме жүзіне қарап адамның,
Дана деме сөзіне қарап адамның,
Жолдас айырар оның жақсы-жаманын.
***
Бай бауырын танымас.
Сауда досқа қарамас.
***
Байдың малы – жаудың малы.
***
Байлаусыз ақыл – тәуекелдің дұшпаны.
***
Байлық – нағыз дұшпан.
***
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерсің,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерсің.
***
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
***
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
***
Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.
***
Бақыт басқа қонарда,
Алысып жүрген дұшпандар
Алдыңа келіп, дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп, қас болар.
***
Бақыт кетсе қолыңнан,
Әуелі досың менен құдаң кетер,
Бидай еккен жеріңе тікен бітер.
Бақыт, дәулет басыңа қайта қонса,
Әр жерден дұшпандарың жылт-жылт етер.
***
Бала болса да, әркім өз теңімен ойнар.
***
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.
***
Балапан басқан құс тағы
Жауына иісін сездірмес.
***
Балуанның жаманы – жығылған соң қалтияр,
Күзетшінің жаманы – жау кеткен соң қалтияр.
***
Барыс-келіс – достың ісі,
Ұрыс-керіс – қастың ісі.
***
Басқа санасаң өзге,
Қасқа санасаң көзге.
***
Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
***
Басыңа дау келсе, билігің зая,
Үй артына жау келсе, ерлігің зая.
***
Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
***
Батыр болған ханға қас,
Мерген болған аңға қас.
***
Батыр болсаң, жау қайтар.
***
Батыр жайшылықта бір адам,
Жауға кірсе, мың адам.
***
Батыр – жау барда сыйлы,
Би – дау барда сыйлы.
***
Батыр – жауда,
Сабыр – дауда.
***
Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.
***
Батыр жауда сыналады,
Жуас жайда сыналады.
***
Батыр жаусыз болмас.
***
Батыр жаусырамаса, батыр бола ма!
***
Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар.
Қу мақтанса, алдап соққанын айтар.
***
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
***
Батырға оқ дарымайды,
Батырға жау жоламайды.
***
Батырдан хат – достарға қуат.
***
Батырды жауда,
Данышпанды ашуланғанда,
Досты жоқтықта сына.
***
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Батырмен сөйлессең,
Жау ойнағын айтады.
Шаштаразбен сөйлессең,
Ұстара мен қайрағын айтады.
***
Батырсынған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
***
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсіген жігітті топ ішінде көрерміз.
***
Батырсынған жігітті жау келгенде көріңіз.
***
Бауырласың болмаса, жолдас ізде,
Жақсы жолдас – бауырлас.
***
Белгілі дұшпаннан белдеудегі жау жаман.
***
Береке достық шақырады,
Берекесіз қастық шақырады.
***
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
***
Босқа бергенше досқа бер.
***
Бөлінгенді бөрі жейді,
Жарылғанды жау жейді.
***
Бөрі де жолдасына қас қылмайды.
***
Бөрі жоқ деме, бөрік астында,
Жау жоқ деме, жар астында.
***
Бұлт – ала,
Жау – шала.
***
Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
***
Бытырай қашса, жау оңбас.
***
Білектегі жаудан жүректегі жау қиын.
***
Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.
***
Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылын айтар,
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар.
***
Білімдімен жолдас болсаң,
Білікті боларсың.
***
Білімдімен жолдас болсаң,
Ішіңнен сырың шығады.
Білімсізбен жолдас болсаң,
Көңіліңнен шығын шығады.
***
Біліміңе билетпесең, білгенің зая,
Серігіңді сендірмесең, көргенің зая.
***
Бір жақсы бір жаманмен қас болмас,
Есебін тауып дос болмас.
***
Бір жас – бірдей құрдас.
***
Бір күнде болса серік боп,
Өзімен бірге қайғы жеп,
Тоқал ашар түндікті.
***
Бір күндік жолдасқа
Қырық мәрте сәлем.
***
Бір пайдадан кешіккен,
Мың кісіге дос болады.
***
Бір сапар ат арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.
***
Бір тентек бір ақылды таласса,
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса, сап-саудай болар.
***
Бірге келген жолдас,
Бұрын қайтқан оңбас.
***
Бітуі жаман қамысты
Су ішінде өрт алар.
Жүрісі жаман адамды
Ел ішінде жау алар.
maqal-matel.kz
