Б

Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
***
Байдың ісі пәрменменен,
Жарлының ісі дәрменменен.
***
Байдың ісі пәрменмен билән,
Жоқтың ісі дәрмен билән.
***
Байлық қашады, еңбек қуады.
***
Байлықтың атасы – еңбек,
Анасы – жер.
***
Бақ-бақ еткен текені
Қыс түскенде көріңіз.
Батырсынған көкені
Іс түскенде көріңіз.
***
Бақпен асқан хандардан,
Баспен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Бақсыға ісің түспесін,
Қалыңға құсың түспесін.
***
Бақыт құсы басыңа қонса,
көтеріп жүрер күшің бар ма?
қорқытып құсты ұшырмай,
еліктірер ісің бар ма?
***
Бақыттың тамыры – еңбек,
Пақырлықтың тамыры – еріншек.
***
Бала! Баланың қылған ісі шала.
***
Бала, баланың ісі шала.
***
Бала биден де күшті,
Бірақ бітірмес істі.
***
Баланы аясаң, еңбекке үйрет,
Аямасаң, аса ерке қыл.
***
Баланы іске бұйыр,
Соңынан бірге жүгір.
***
Баланың қылғаны білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
***
Баланың істегені білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
***
Баланың істегені көзге көрінбейді.
***
Баланың ісі іс болмас,
Лақ мүйізі (пышаққа) сап болмас.
***
Бар бәледен ұят сақтайды,
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
***
Бар болсаң, жоқтың ісін істеме,
Жоқ болсаң, бардың ісін істеме.
***
Бар болып, жоқтық ісін қылма,
Жоқ болып, бардың ісін қылма.
***
Бар болып, жоқтың ісін істегеннен без,
Жоқ болып, бардың ісін істегеннен без.
***
Барлық істе де шамаңды біл.
***
Барлық істі де ынсаппен істе.
***
Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.
***
Бас ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірмен ісі жоқ.
***
Басқы істің басында болмасаң,
Соңғы істің қасында болма.
***
Басталған істің аяғы да болады.
***
Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.
***
Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.
***
Басты Құдай береді,
Малды еңбек береді.
***
Басы аманның Құдаймен ісі жоқ.
***
Басы ауырмағанның Құдайменен не ісі бар.
***
Басыңа іс түссе:
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
***
Батыл, батылдың ісі мақұл.
***
Батырдың бір ісі тентек,
Қорқақтың екі ісі тентек.
***
Беделің – сәулетің,
Еңбегің – дәулетің.
***
Бейнет, бейнет түбі – зейнет.
***
Бейнет көрмеген зейнет көрмейді.
***
Бейнет қыл да, міндет қыл.
***
Бейнеттің түбі – рахат.
***
Бейнетсіз дәулеттің рахаты жоқ.
***
Бейнетсіз рахат жоқ.
***
Бейнеті қатты болса,
Татқаны тәтті болады.
***
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
***
Бекер келсе, жұмыстан қаласың,
Арашашы келсе, ұрыстан қаласың.
***
Бел мен білек біріксе, жұмыс бітер.
***
Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам.
***
Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.
Ісің қисық болса, жазаға өкпелеме.
***
Бисмилламен бастасаң,
Ісіңді ақырына келтірер.
Бисмилласыз бастасаң,
Жел түбіне кетірер.
***
Болар іс болды, бояуы сіңді.
***
Болар іс болып, бояуы сіңді.
***
Болар істің біткені жақсы.
***
Болар істің емі жоқ,
Болғаннан соң кемі жоқ.
***
Болған іске болаттай берік бол.
***
Болған іске болаттай бол.
***
Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
***
Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
***
Бұрынғы істің басында болмасаң,
Соңғы істің қасында бол.
***
Бұрынғы істің басында болсаң,
Кейінгі істің қасында бол.
***
Бүгінгі істі ертеңге қалдырғанның ісі бітпейді.
***
Бүгінгісін ертеңге қалдырған ешқандай істі бітірмейді.
***
Білген кісінің ісі байыпты.
***
Білгіштің қолы барлық іске жетеді.
***
Білек түр де еңбек ет,
Етек түр де елге жет.
***
Білім алмай, болдым деме,
Еңбек етпей, толдым деме.
***
Білімсізден де бір іс өтер,
Білімдіден де бір іс өтер.
***
Білімділер халыққа бас, ес еді,
Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
***
Білімдінің сөзін тыңда,
Айтқанын үйрен, іске асыр.
***
Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
***
Бір іс білімдіден де, білімсізден де өтеді.
***
Бір іс қылса, ақысын бер тіленбей:
Ішкіз, жегіз, үлестіріп шүлендей.
Ел ішінде сәл нәрседен пышырап,
Атың жүрер жаман сөзге ұшырап.
***
Бірді біреу береді,
Көпті еңбек береді.
***
Бірді еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.
***
Біреу аяғымен қызмет етсе,
Сен басыңмен қызмет ет.
***
Біреу еңбек сіңіргенде ес көріп,
Жаның болса жүр ұмытпай ескеріп.
***
Біреу сөзіңді сөйлесе,
Ауызың қышып бара ма?
Жұмысыңды біреу қылса,
Қолың қышып бара ма?
***
Біреуге алтын-күміс бер,
Біреуге атақ-біліс бер,
Біреуге тек жұмыс бер.
***
Бітер істің басына
Жақсы келер қасына.
***
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
***
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.

maqal-matel.kz