Байдың жаны кейісе,
Құдайын қарғайды.
Кедейдің жаны кейісе,
Құралайын қармайды.
***
Балалы марал маңырайды,
Баласыз марал зарлайды.
***
Балығы болмаған көлі құрысын,
Киігі болмаған шөлі құрысын.
***
Бозбала бастаған көш оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Бозбаланың бастаған елі оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Бұлан өз тауынан өзі жерімес.
***
Бұланға ерген шешекке аунар,
Доңызға ерген балшыққа аунар.
***
Бұланға ерген шөпке аунар,
Доңызға ерген боққа аунар.
***
Бұланнан биік аң болмас,
Бұланайдан биік тау болмас.
***
Білім білген пілге мінер,
Білім білмеген көрге түсер.
***
Білімдіде ашу жоқ,
Пілдің жүгін көтереді.
Білімсізде ашу көп,
Жынның жүгін көтереді.
***
Бір киікті бір тау аш қылмайды.
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Бір оқты құлан көтереді.
***
Бір оқты құлан көтереді,
Екі оқты бұлан көтереді.
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
***
Бір тау бір киікті ашықтырмайды.
***
Бір тауды жайлаған бір киік аш болмайды.
maqal-matel.kz
