Баба бүркіт барлап ұшады,
Бала бүркіт парлап ұшады.
***
Баба бүркіт барлап ұшар,
балапан бүркіт шарлап ұшар.
***
Бабаңнан жүз жас үлкен бол,
Балаңнан жүз жас кіші бол.
***
Бай кісі жарлыны,
Тілді кісі тілсізді,
Жас кісі кәріні керексіз қылады.
***
Бақпен асқан хандардан,
Баспен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Бала жүгірсе, қарттың қарап отырып аяғы ауырады.
***
Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
***
Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.
***
Балалы үйрек көлден кетпес,
Баласы жас елден кетпес.
***
Балалық мәңгі жас емес.
***
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.
***
Баланы бастан жаттықтыра алсаң,
Өскен соң бастықтыра аласың.
***
Баланы жастан үйрет,
Қатынды бастан үйрет.
***
Балаңды жасыңда жақсы тәрбиелесең,
Өскенде баласынан ұялмас.
***
Берекелі бұлақтың –
Басы иілген талы болады.
Берекелі халықтың –
Белі иілген шалы болады.
***
Берекелі тоғайда
Басын иіп тал тұрар.
Берекелі ауылда
Ақылы дана шал тұрар.
***
Бие – кәрі,
Құлын – жас.
Келер жолы қолың бос.
***
Биліктен білік бір жасы үлкен.
***
Болар адам он бесінде бас болар,
Болмас адам қырығында жас болар.
***
Болымдының баласы
Он бесінде баспын дейді.
Болымсыз елдің баласы
Отызында жаспын дейді.
***
Борышты тағам ас болмас,
Болар бала жас болмас.
***
Бота ойнақтаса
Молшылыққа.
Тайлақ ойнақтаса
Тоқшылыққа.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жоқшылыққа.
***
Ботқа жеймін деген асым ба еді,
Тоқсан келемін деген жасым ба еді.
***
Бөрі кәрісін жайғар.
***
Бөрі кәрісін талайды.
***
Бөрі кәрісін ұрады.
***
Бөрі қартайса да, бір қойға күші жетеді.
***
Бөрі қартайса да бір қулық болады.
***
Бөрі қартайса, итке күлкі болар.
***
Бөрі қартайса, тышқаншыл болады.
***
Бөрі таппағанды кәрі табады.
***
Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.
***
Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.
***
Бұқа қартайса да, мұрны қартаймайды.
***
Бұқаның өзі қартайса да, мұрны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
***
Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді,
Быламық ішейін деген асым ба еді.
***
Бұрынғы туғаннан ақыл сұра,
Бұрынғы қонғаннан қоныс сұра.
Көрегенді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
***
Бүркіт қартайса, тышқан аулар.
***
Бүркіт қартайса – тышқаншы болады.
***
Білгенге дәрі шалмын,
Білмегенге кәрі шалмын.
***
Білмегеніңді бес жасар баладан сұра.
***
Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл.
***
Білім алсаң жасыңнан,
Қыдыр кетпес қасыңнан.
***
Білімді әйел басыңа қарайды,
Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
***
Білімді мың жасайды,
Білімсіз құр жасайды.
***
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
***
Бір жас малдан құрдас,
Екі жас зордан құрдас.
maqal-matel.kz
