Бақылдың түңлігінен жел кірмес.
***
Баянсыз өмір өтті боран, желдей,
Фәнилік басып алды аққан селдей.
***
Бисмилламен бастасаң,
Ісіңді ақырына келтірер.
Бисмилласыз бастасаң,
Жел түбіне кетірер.
***
Бораған боран басылар,
Бұйыққан көңіл ашылар.
***
Борай-борай қар жауса,
Боз қоянды өлтірер.
***
Борай-борай қар жауса,
Бұл боран атты өлтірер.
***
Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.
***
Боранға бойы үйір ақпанның аязынан қорықпас.
***
Боранды күн боқ қыстайды.
***
Боранды күн бөрі жатпайды.
***
Боранды күннің райы басқа,
Ауыратын адамның шырайы басқа.
***
Боранды күні бала құтырады,
Жұт жылы ит құтырады.
***
Боранды күні ит пен бала құтырар.
***
Боранның алды құйын,
Ұрыстың алды ойын.
***
Боранның масағы тигендей.
***
Бұрқаған бораннан қорықпа,
Бүтінделмеген қораңнан қорық.
***
Бұрқанған боран басылар,
Бұйыққан көңіл ашылар.
***
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.
***
Бір атым бар орында,
Не қамым бар боранда.
***
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
maqal-matel.kz
