Б

Бай бақал болса,
Бәйбішесі тоқал болады.
***
Бай болған кісі мырза бола бермес.
***
Бай болғанда барын бермес,
Жарлы кісі қарап тұрмас.
***
Байдың жаманы – сараң,
Жарлының жаманы – жалқау.
***
Байлыққа жомарттық жарасады.
***
Бақыл байға барғанша,
Қаратауға бар.
***
Бақыл тоймас,
Ұры байымас.
***
Бақылда бірлік жоқ.
***
Бақылдық – айықпас ауру.
***
Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.
***
Бақылдың бауы болмайды,
Бауы болса да, миуа бермейді.
***
Бақылдың даңқы шықпайды.
***
Бақылдың түңлігінен жел кірмес.
***
Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.
***
Барында көл-көсір,
Жоғында – шөл.
***
Батыр аңғал, жоқ жомарт.
***
Батыр өлерін білмейді,
Сыншы берерін білмейді.
***
Батыр тапса, барша жер,
Бақыл тапса, басып жер.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Бек берсе, бетке қарама.
***
Берген алар, еккен орар.
***
Берген аста береке бар, береке – Құдай аты,
Бермеген аста біте бар, Біте – шайтанның аты.
***
Берген бекке жағады,
Бермеген кімге жағады.
***
Берген берік есікті ашар.
***
Берген биге жағар,
Бермеген неге жағар.
***
Берген жомарт емес, алған жомарт.
***
Берген перде бұзады.
***
Бергенге тұрмайды,
Пейілге тұрады.
***
Бергенді тастама, бермегенге қақсама.
***
Бергеннің бетіне қарама.
***
Берер кісің келгенде, ылпылда да, жылпылда,
Бермес кісің келгенде, жата қал да, ыңқылда.
***
Беретін кісім келгенде,
Бес қайнайды қазаным.
***
Беретіннен де бір сұра,
Бермейтіннен де бір сұра.
***
Бермегенге бесеу де көп,
Алғанға он болса да аз.
***
Бермегенге қақсама,
Бергенді тастама.
***
Бермегенді беріп ұялт.
***
Бермейтін сараң жоқ, сұрауы жетпес.
Өтпейтін пышақ жоқ, шыңауы жетпес.
***
Бермес келіге су құяды.
***
Бермес сараң жоқ, сұрауы жетпейді.
***
Бермесе де, бай жақсы,
Жемесе де, май жақсы.
***
Бермесе де, бар жақсы,
Жемесе де, май жақсы.
***
Берместің асы піспейді,
Қазаны оттан түспейді.
***
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
***
Берместің қолы бермеске берік келер.
***
Берместің сылтауы көп.
***
Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.
***
Бермесіңді қызартпа.
***
Берсе, қолынан,
Бермесе, жолынан.
***
Берсең, аларсың,
Ексең, орарсың.
***
Берсең – аласың,
Ексең – орасың.
***
Берсең, балаға бер.
***
Берсін дейді сұлтан,
Бергізбейді сұбхан.
***
Беру-алу көрші салты,
Жарастыру елші салты.
***
Бие берсең, байтал делінер,
Ешкі берсең, сайтан делінер.
***
Болат қынға тоқтайды,
Тентек топқа тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
***
Босқа бергенше досқа бер.
***
Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.
***
Бүтін берсең, күтіп аларсың.
***
Бірде түйе, бірде бие.
***
Бірді берсең маған,
Мыңды беремін саған.

maqal-matel.kz