Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаһанда нан жоқ санар.
***
Бала ата-анасына тартпай, заманына тартады.
***
Бұ дүниенің қайғысы көп.
***
Бұ заманның ісін есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
***
«Бұл дүние – ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.
***
Бұл дүние – момындардың зынданы.
***
Бұл дүние уақытша әуре, далбаса,
Бір тоймайды айдаһардай жалмаса.
***
Бұл дүниеге сеніп болмайды.
***
Бұл дүниені ұстап тұрған – махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.
***
Бұл жалғанда жазығы жоқ жан бар ма?
***
Бұл жалғанды бұзатын – арсыз адам.
***
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні ғарып.
***
Бір заманда бөрі едік,
Тайды басып жер едік.
***
Бірі кем дүние осы екен.
***
Бірінші би – халық,
Екінші би – тарих.
maqal-matel.kz
