Б

Бақан жаққан баста бар.
***
Бақылдың түңлігінен жел кірмес.
***
Балаңды ордаға бер немесе молдаға бер.
***
Басқа үйдің жығуын білсем де,
тігіуін білмеймін.
***
Басқаның үйін жығуын білсем де, тігуін білмеймін.
***
Белгілі дұшпаннан белдеудегі жау жаман.
***
Белдеуге бедеу байланса,
Ердің үйде болғаны.
***
Бисіз ел – белдеусіз үй.
***
Бұтақсыз ағаш болмайды,
Туылдырықсыз Алаш болмайды.
***
Бүркіт алсаң, сұрын ал,
Талпынса керегең сиырылсын.
Қатын алсаң, сұлу ал,
Өлгенде ағайының талассын.
***
Бір күнде болса серік боп,
Өзімен бірге қайғы жеп,
Тоқал ашар түндікті.

maqal-matel.kz