Байдың мейіріміне телміргенше,
Кедейдің бейіліне мейман бол.
***
Балықшының қонағы жүре тояды.
***
Бар болсаң, жаныңды сыйла,
Жан кеудеңе қонақ.
Жоқ болсаң, жаныңды қина,
Жан кеудеңе азық.
***
Барлық қонақ бірдей емес.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
***
Бұрынғы қонақ соңғы қонақты ұрып жығады.
***
Бір күн қонса – құт,
Екі күн қонса – жұт.
***
Бір үй толған жансың,
Бір-біріңе меймансың.
***
Бір үй толы жан,
Бір-біріне мейман.
***
Бір үйде нешеусің,
Бір-біріңе қонақсың.
***
Бір үйде нешеусің,
Бір-біріңе меймансың.
maqal-matel.kz
