Бай баю үшін тырысады,
Кедей кедейіне болысады.
***
Бай – жарлының азығы,
Жарлы – байдың қазығы.
Қиянатсыз бір-бірі,
Болыспас па жазығы.
***
Бақа сисе, көлге сеп.
***
Басыңа іс түскенде жақсы көмек етер,
Жаман күліп өтер.
***
Басыңа іс түссе:
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
***
Батырдың күші майданда көрінер,
Келіншектің себі жайғанда көрінер.
***
Болмағанға болыспа.
***
Бұл жатыстың ебі жоқ,
Бақыршылыққа себі жоқ.
***
Біреу аяғымен қызмет етсе,
Сен басыңмен қызмет ет.
***
Біреудің жоғын
Біреу түйе мініп жүріп жоқтамайды.
***
Біреудің мұқтажын өтеу өте дұрыс,
Бердім деп міндет етпеу одан да дұрыс.
maqal-matel.kz
