Базардан алған бәкіге мәз.
***
Бала соққан кездіктің басы жарық.
***
Бала соққан пышақтың сабы жарық.
***
Балаға пышақ берме,
Ақымаққа билік берме.
***
Балаға пышақ бермесең, бір жылар,
Пышақ берсең, екі жылар.
***
Баланың сөзі батпандай,
Қатынның сөзі кетпендей.
***
Баланың ісі іс болмас,
Лақ мүйізі (пышаққа) сап болмас.
***
Балға болғаныңда ұрып бақ,
Төс болғаныңда төзіп бақ.
***
Балта басқан байымас,
Байыса да, жарымас.
***
Балта сабынан озбайды.
***
Балта сынса, дөңбек демалады.
***
Балта сынса, дөңке демалады.
***
Балта ұстап әкең қалғанша,
Ұршық ұстап шешең қалсын.
***
Балта шапқанша, дөңбек жол табады.
***
Балтамен шапқандай мінін көрмей,
Пышақпен жонғандайды көреді.
***
Балықшының баққаны ау,
Даукөстің баққаны дау.
***
Басты балта бұзар,
Жылқыны маңқа бұзар.
***
Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.
***
Басты бұзған – балта,
Түсті бұзған – шайтан.
***
Басты бұзған балта,
Істі бұзған маңқа.
***
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
***
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен қайрағын айтар.
***
Батырмен сөйлессең,
Жау ойнағын айтады.
Шаштаразбен сөйлессең,
Ұстара мен қайрағын айтады.
***
Бейкүнә адамға тіл тигізу –
Сау тамырды қандауырмен осқылаумен бірдей.
***
Бек болмаған бек болса,
Таяқ кетпес басыңнан.
***
Бермейтін сараң жоқ, сұрауы жетпес.
Өтпейтін пышақ жоқ, шыңауы жетпес.
***
Битке пышақ суырма.
***
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
***
Болат пышақ қап түбінде жатпайды.
***
Болатын біз қап түбінде жатпайды.
***
Бөрік жетпес терекке балта шаппа.
***
Буынсыз жерден пышақ салма.
***
Буынсыз жерге пышақ ұрып,
Суатсыз жерден суға түспе.
***
Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.
***
Бір кірпіштен үй салмас.
***
Біреуге пышақ оқтама,
Қара пышақ қарыс ұзарады.
maqal-matel.kz
