Байығанда бас имес, ол – адамның әлсізі.
***
Бақыт құсы басыңа қонса,
көтеріп жүрер күшің бар ма?
қорқытып құсты ұшырмай,
еліктірер ісің бар ма?
***
Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.
***
Бақыттың шалғайынан күшпен ұстап тұра алмайсың.
***
Бала биден де күшті,
Бірақ бітірмес істі.
***
Балық жеген тоқ болар,
Дәрмені жоқ болар.
***
Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
***
Барлық істе де шамаңды біл.
***
Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі.
***
Баста ми жоқ болса,
Екі аяққа күш келер.
***
Басында ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.
***
Батпаққа батқан есекке өз иесінен мықты жоқ.
***
Батыр майданда мықты,
Жаман үйде мықты.
***
Батырдан хат – достарға қуат.
***
Батырдың күші майданда көрінер,
Келіншектің себі жайғанда көрінер.
***
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
***
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
***
Белдескеннің белін үз,
Тайласқанның тілін үз.
***
Белдессең, күштімен белдес,
Белдімен белдеспе.
***
Белдіменен тіреспе,
Білегі жуанменен күреспе.
***
Бөрі қартайса да, бір қойға күші жетеді.
***
Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.
***
Білегі жуан бір кісіні,
Білімі көп мың кісіні жығады.
***
Білегі жуан бірді жығады,
Білігі жуан мыңды жығады.
***
Білегі күшті бірді жығар,
Білімі күшті мыңды жығар.
***
Білегі толық бірді жығар,
Білімі толық мыңды жығар.
***
Білімді мыңды жығады,
Білегі жуан бірді жығады.
***
Бір ақылды кісі айтыпты: «бір ақша жүз елу батпан қара күштен әлдеқайда пайдалы».
***
Бір биенің екі емшегі,
Бірі кетсе, сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші,
Бірі кетсе, күші жоқ.
***
Бір жеп тояр ас үшін
Бар күшіңді сарып етпе.
***
Бір түйенің екі өркеші,
Бірі кетсе, күші жоқ.
***
Біреуге күш көрсетем деп,
Өзіңе тамұқ дайындап алма.
***
Біреудікі – күші,
Біреудікі – соты.
maqal-matel.kz
