Б

Бай бір борандық,
Батыр бір оқтық.
***
Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық.
***
Бай мақтанса, бір жұттық,
Батыр мақтанса, бір оқтық.
***
Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.
***
Балаға атаның қарғысы – атқан оқ,
Ананікі – сөнген шоқ.
***
Баланың сотқары – бәленің шоқпары.
***
Бар болса – пайдасы,
Жоқ болса – найзасы.
***
Бардың пайдасы тиеді,
Жоқтың найзасы тиеді.
***
Басыңа қылыш төнсе де,
Шын сөзіңнен аума.
***
Батыр бір оқтық, бай бір жұттық.
***
Батыр мақтанса, бір оқтық,
Бай мақтанса, бір жұрттық.
***
Батырға оқ дарымайды,
Батырға жау жоламайды.
***
Батырға таяқ та жарақ.
***
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен қайрағын айтар.
***
Батырдан оқ та қорқады.
***
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
***
Бидің түзулігі мылтықтай,
Өткірлігі қылыштай болсын.
***
Билей алмаған шоқпар басқа да, көтке де тиеді.
***
Болат найза қап түбінде жатпас.
***
Бүгін атар оғың болса,
Ертең жауың оқ ата алмайтындай қыл.
***
Білімділер халыққа бас, ес еді,
Білімсіздер қылышпен іс шешеді.
***
Бір мылтықтың аузына мың кісі сияды.
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Бір оқты құлан көтереді.
***
Бір оқты құлан көтереді,
Екі оқты бұлан көтереді.
***
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
***
Біреуге оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.

maqal-matel.kz