Баға білмеген мал әлек,
Бағымы кеткен ел әлек.
***
Бағайын десе, малы,
Ыңыранайын десе, аузы жоқ.
***
Бағуыңа қарай мал өседі,
Тәрбиеңе қарай бала өседі.
***
Бағы қайтқанның малын бақпа,
Іші қараның дауын айтпа.
***
Бағың шауып тұрғанда
Биең егіз туады.
Бағың қайтқан шағыңда
Ешкің қысыр қалады,
Малыңа індет шабады.
***
Базарын біліп, мал сал,
Балығын біліп, ау сал.
***
Бай – жарлылық бақташысы.
***
Бай қайырлы болмаса,
Бар малынан айрылар.
Мал бетіне қараған
Жарынан айрылар.
***
Бай малымен күн көрер,
Жарлы жаныменен күн көрер.
***
Бай малына сенеді, кедей несіне сенеді.
***
Бай малының ағымен бұлданады,
Ағы үшін жарлылар құлданады.
***
Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.
***
Байдың баласы жатық, малшысы қодаң.
***
Байдың малы ардақты,
Жарлының баласы ардақты.
***
Байдың малы – жаудың малы.
***
Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.
***
Байдың малы теңіз,
Ептеп жемеген доңыз.
***
Байдың малы төрт тісімен оттайды,
Жарлының малы екі тісімен оттайды.
***
Байдың малын аяма,
Өлсе менің қа…ма.
***
Байлық – басқа машақат,
Ашкөздік – жаман әдет, серті қатты,
Өкініш артында оның қайғы жатты.
Бай болу, кедей болу – тағдыр ісі,
Мал іздеу – ерге әшейін машақат-ты.
***
Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.
***
Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
***
Бақпасаң, мал кетеді,
Күтпесең, қатын кетеді.
***
Бақпасаң мал кетеді,
Қарамасаң әйел кетеді.
***
Бақпасаң, мал кетер,
Қарамасаң, қатын кетер.
***
Бала таппайтын әйелдің тұрары жоғын айт,
Мал таппайтын еркектің құрары жоғын айт.
***
Баладағы мал – даладағы мал.
Інідегі мал – індегі мал.
***
Балаң қайқы сері болса,
Жалғыз атқа жал бітпес.
Қатының қайқы сері болса,
Маңдайыңа мал бітпес.
***
Балық жеген «су, су» дер,
Қос айдаған «шу, шу» дер.
***
Бар малына сенеді,
Жоқ қарнына сенеді.
***
Барма ханға, өзі келер малға,
Барма биге, өзі келер дауға.
***
Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
***
Барымта алған мал болмас,
Қуып алған күң болмас.
***
Барымтадан қорыққан мал жимас.
***
Барымтадан қорыққан мал жимас,
Судан қорыққан дән жимас.
***
Барымталап алған мал емес,
Қуып алған құн емес.
***
Бас аманда мал тәтті.
***
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
***
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.
***
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
***
Бассыз берген мал мазақ,
бақсыз берген тіл мазақ.
***
Басты Құдай береді,
Малды еңбек береді.
***
Басы аманның малы түгел.
***
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
***
Басын шалған шөптің тамыры қалады,
Арлының малы кетеді, ары қалады.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Бәйбішеге малын берер,
Тоқалға жанын берер.
***
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
***
Беде ексең, мал семіз,
Егін ексең, ел семіз.
***
Бедекшінің малы жең ішінде,
Алдамшының малы ерні үшінде.
***
Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.
***
Беліңді бу да малға бар.
***
Бетегелі жерге мал тоқтайды,
Берекелі елге бақ тоқтайды.
***
Беті қайтқанның дауын айтпа,
Бағы қайтқанның малын айтпа.
***
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
***
Бойдағың барда малым бар деме,
Әзірейіл барда жаным бар деме.
***
Боран болса, бай жылар:
«Қырылады малым» деп.
Малайлар да ренжір:
«Қиналады жаным» деп.
***
Бөріден қорыққан мал жимас,
Тышқаннан қорыққан дән жимас.
***
Бөрілікті қойып, қойшылыққа баста.
***
Бөтен елге патша болғанша,
Өз еліңде шопан бол.
***
Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.
***
Бөтен кісінің малы мал болмайды.
***
Бұйырған малға тіс тиер.
***
Бұқаның малға сандығы жоқ.
***
Бұралқы мал мінуге жақсы,
бұралқы сөз күлуге жақсы.
***
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
***
Біздің елде ала қарға еді,
Мұнда келіп жылқышы болған.
***
Білім – малы жоққа түгесілмес мал,
Қаржысы жоққа – таусылмас қаржы.
***
Бір адам машақатпен мал жияды,
Біреу оны олжалап, шалжияды.
***
Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.
***
Бір жас малдан құрдас,
Екі жас зордан құрдас.
***
Бір жітікке бір саяқ қосылады.
***
Бір қора қасқырды бір қойға бақтырса,
Бәрі қой болып кетеді.
Бір қора қойды бір қасқырға бақтырса,
Бәрі қасқыр болып кетеді.
***
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
Өзінікін азсынған,
Кісінікін көпсінген
Өз малына ие болмайды.
***
Бір теңге бие болмас,
Екі теңге түйе болмас.
Біреу малын қызғанған
Өз малына ие болмас.
***
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
***
Бірдің айында малға көлденең шөп ас болады.
***
Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.
***
Біреудің жер көтермес малы бар,
Біреудің ат көтермес дәні бар.
***
Біреудің малы болмайды,
Ат көтергісіз дәні бар.
***
Біреудің малын бақсаң,
Оның ішінде жүрген өз малың есепке кірмейді.
maqal-matel.kz
