Б

Базарда мың кісі бар,
Әр кісі сүйгеніне сәлем берер.
***
Базарда мың кісі бар,
Қай сүйгеніңе сәлем берерсің.
***
Базарда сүйгеніне ғана сәлем береді.
***
Бай күндіз бәйбішені жақсы көреді,
Түнде тоқалды жақсы көреді.
***
Бай мейірімінен күн мейірімі жақсы.
***
Байдан мейір кетсе,
Кедейден пейіл кетеді.
***
Байдың мейіріміне телміргенше,
Кедейдің бейіліне мейман бол.
***
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді.
***
«Бұл дүние – ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер.
***
Бұл дүниені ұстап тұрған – махаббат,
Егер сүю болмаса, адам да болмас еді.
***
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
***
Біреуді сүйгенді сүйме,
Ол үшін күйме.

maqal-matel.kz