Бай болсаң, бәсең бол,
Жүйрік болсаң, тосаң бол.
***
Байға жалыншақ болма,
Ханға табыншақ болма.
***
Байға жарамсақтанып,
Жарлының тоқты қойлық ақысы шығыпты.
***
Байдың асын байғұс қызғанар.
***
Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.
***
Бала жасындағыны ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
***
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
***
Баланы аясаң, еңбекке үйрет,
Аямасаң, аса ерке қыл.
***
Баланың сотқары – бәленің шоқпары.
***
Баланың тентек болғаны үйінен,
Жігіттің тентек болғаны биінен.
***
Бас тентек баласын мақтар,
Қас тентек қатынын мақтар.
***
Басқа келген бақытты
Қырсықты келін, кесірлі бала қашырады.
***
Бастығы парақор болса,
Бағынған елі пәлеқор болады.
***
Батыр аңғал, жоқ жомарт.
***
Батыр аңғал келеді.
***
Батыр – аңғал, палуан – дүр.
***
Батыр аңғырт, бай салғырт.
***
Батыр – аңқау, ер – көдек.
***
Батыр аңқау келеді,
Балуан өктем келеді.
***
Батыр жауда сыналады,
Жуас жайда сыналады.
***
Батырдың бір есімі – тентек.
***
Бәлеқор екі араға от жағады,
Біреуі өртенсе, өзі де жанады.
***
Бейғамнан асқан берекесіз жоқ.
***
Бейқамдық қайық алдырады.
***
Бекзаттан би қойсаң, ойлар тамағын.
Бейзаттан би қойсаң, білмес бабағын,
Жақсыдан би қойсаң, ашпас қабағын.
***
Бидің әділ сөзі – тентектердің тезі.
***
Билік пейілі тар мансапқорға берілмесін,
Пейілі кең жарасқанға берілсін.
***
Боғынан бұзылды ғой.
***
Бойға біткен мінез сүйекпен кетеді.
***
Болат қынға тоқтайды,
Тентек топқа тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
***
Болымсызға бақ қонса,
Сол күні жоғалтады.
***
Бөрі көргенде бірігетін
Ауыл итінің мінезіндей.
***
Бөрі қораға шапқанда,
Аңғал далаға шауыпты.
***
Бураны жарағанда көр,
Жуасты сабағанда көр.
***
Бұқа буға семіреді,
Тентек дауға семіреді,
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Бұқаның арамзасы,
Бұзау арасында жүрер.
***
Бұл дүние – момындардың зынданы.
***
Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылытар.
Өскен-туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.
***
Бұлттан шыққан күн ашты,
Бұзық адамның тілі ашты.
***
Бұрынғы мінезді тастаңдар,
Жаңадан мінез бастаңдар.
***
Білімді сылық сөйлейді,
Жайдары күліп сөйлейді.
Шамкөс бір отырып,
Бір тұрып сөйлейді.
***
Білімдіде ашу жоқ,
Пілдің жүгін көтереді.
Білімсізде ашу көп,
Жынның жүгін көтереді.
***
Білімдімен бір жүрсең,
Кемтік жерің білінбес.
Арамзамен бір жүрсең,
Артық жерің көрінбес.
***
Бір қылық хан қызында да болады.
***
Бір тентек бір ақылды таласса,
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса, сап-саудай болар.
***
Бірдің кесапаты – мыңға,
мыңның кесірі – түменге.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.
maqal-matel.kz
