Б

Бай болмасаң, бай болма,
Білім, өнерге сай бол.
***
Бай болсаң, жай болма,
Білім, өнерге сай бол.
***
Бақыт сандықта, кілтпен ашасың,
Кілті аспанда, өнермен ұшасың.
***
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
***
Балам өсті дегенше,
Батыр өсті десейші.
Батыр өнер білмесе,
Қапыл өсті десейші.
***
Баланың өнерлісі – ұжмақ,
Өнерсізі – тозақ.
***
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлесең, көрсетер өнер.
***
Баласы әкесін үйретпес.
***
Барша өнерді үйрен.
***
Бекершінің өнері – өсек.
***
Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.
***
Болымсыздан өнер шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
***
Білім көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Білім таппай баптанба,
Өнер таппай мақтанба.
***
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
***
Білім – іштегі нұр,
Өнер – сырттағы гүл.
***
Білімдінің аузы – өнердің көзі,
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
***
Бір осалдық болады екен әр ерде,
Бірер айып болады екен өнерде.
Басын алса соның үшін адамның,
Ешкім тірі қалмас еді о жерде.
***
Біреуден күнә іздегенше, өнер ізде,
Баққа кірсең тікен тергенше, гүл жина.

maqal-matel.kz