А

Ағадағы мал – аспандағы мал,
Інідегі мал – ін түбіндегі мал,
Баладағы мал – даладағы мал.
***
Адам билән адамның арасы –
Аспан билән жер арасы.
***
Адам мен адам арасы –
Аспан мен жер арасы.
***
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
***
Адам мен адамның арасы –
Жер мен көктей.
***
Адамның аяғы жерді шарласа,
Қиялы көкті шарлайды.
***
Ажал жетсе, ай да өледі,
Күні туса, күн де өледі.
***
Адасқанда жұлдыз айдай,
Қарын ашқанда көже майдай.
***
Ай артынан ай туады,
Атқа мінсе, жеткізбес.
Жыл артынан жыл туады,
Желге мінсе, жеткізбес.
***
Ай астында жаңа жоқ.
***
Ай бетінде де сепкіл бар.
***
Ай да ортақ,
Күн де ортақ.
***
Ай десе – аузы,
Күн десе – көзі.
***
Ай десе – аузы бар,
күн десе – көзі бар.
***
Ай жарқырап, Күн болмас,
Өтірік жарқырап, шын болмас.
***
Ай жарығы әлемге,
Шам жарығы түбіне.
***
Ай жарық, қоян арық.
***
Ай жарықта қоян арық.
***
Ай көріп, Күн ал.
***
Ай, күн әлемге бірдей,
Патша адамға бірдей.
***
Ай қораланса
Арбаңды сайла,
Күн қораланса,
Күрегіңді сайла.
***
Ай қораланса, арысыңды сайла,
Көктемде қонысыңды сайла.
***
Ай қораланса, арысыңды сайла,
Күн қораланса, күрегіңді сайла.
***
Ай құлақтанса, күрегіңді сайла,
Күн құлақтанса, қораңды сайла.
***
Ай – ортақ, күн – ортақ, жақсы – ортақ.
***
Ай сұлу көрінер толғаннан соң,
Жігіт асып сөйлейді болғаннан соң.
***
Ай – толғанның белгісі,
Жігіт – болғанның белгісі.
***
Ай – толғанын білмес,
Жігіт – болғанын білмес.
***
Ай толса, қолмен көрсетпес болар.
***
Ай толық болса,
Айдыны әлемге кетер.
***
Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер.
***
Ай туды деп қуанба,
Жағымды туса, қуан.
***
Ай түнде керек,
Ақыл күнде керек.
***
Ай шайлағанда тұрып,
Ат іздеген азабың құрысын.
***
Ай шалқасынан туса, ай бойы аяз.
***
Айға бойымыз жетсе,
Күнге қолымыз жетеді.
***
Айда да дақ бар.
***
Айдай апшысын қуырып.
***
Айдаһар айға шапшиды.
***
Айдаһар асқынса, айға ұмтылар,
Ақымақ асқынса, анасына ұмтылар.
***
Айды етегіңмен жаба алмассың.
***
Айдың бір беті жарық,
Бір беті қараңғы.
***
Айдың да жартысы жарық,
Жартысы қараңғы.
***
Айдың жарығы өзіне түспейді.
***
Айдың жарығы төңірегіне түседі,
Өзіне түспейді.
***
Айдың шалқалап туғаны,
Боран-шашынның болғаны.
***
Айналдырған ауру алмай қоймас,
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
***
Айсыз түнде аспан қараңғы,
Ақылсыз бас қараңғы.
***
Айы біткен айда өтер,
Күні біткен күнде өтер.
Күні өтерін білмеген,
Бейілі кетіп, пір кетер.
***
Ақ қар көп болса – ақ нан көп.
***
Ақ шашты ана:
«Жастығым – балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім – анам» дейді.
***
Ақбозат пен Көкбозатты Жетіқарақшы
ұстаған күні ақырзаман болады.
***
Аққу көкке, көбелек шөпке.
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Ақылды жігіт күндей жарқырайды,
Ақылсыз жігіт күлдей бұрқырайды.
***
Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды.
***
Алжыған төбет айға қарап үреді.
***
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
***
Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көш те айдынға құла.
***
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Күні келген уақытта жігіт аттай желеді.
***
Алыстан қара көрінсе,
Жүйірік озар созылып.
Қаба-қаба қар жауса,
Атан тартар бүгіліп.
***
Ана мейірі – аспаннан да шексіз.
***
Ана мейірі ішіңді жылытады,
Күн мейірі сыртыңды жылытады.
***
Ана – көктемдегі таңға да көркемдік алып береді.
***
Ана – күн, оның шүлен шұғыласы ешқашан тусылмайды.
***
Арғымақтан жал кетсе,
Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Жарық күнің түн болар.
***
Арзан менен қымбаттың
Базарда шыққан нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Жер мен көктей парқы бар.
***
Арыстан айға шабамын деп мерт болыпты.
***
Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болды.
***
Арыстан айға шапса,
Артқы аяғы сынады.
***
Арыстан асқынса, айға шабады.
***
Арыстан асқынса, айға шабар,
Ақымақ асқынса, анасын сабар.
***
Асқанға аспан да аласа.
***
Аспан астында анадан ұлы жан жоқ.
***
Аспанға ай мен күн екеуі де сияды,
Жердегі бір елге екі әкім сыймайды.
***
Аспанға айды бір шығардым.
***
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
***
Аспандағы айдан не пайда,
Жылынуға қолың жетпесе,
Хиуадағы ханнан не пайда,
Барсаң арызың өтпесе.
***
Аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырар.
***
Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
Қолыңдағы шымшығыңнан айырылма.
***
Аспандай берме,
Жерден ұзап кетерсің,
Жерден ұзап кетсең –
Елден ұзап кетерсің.
Елден ұзап кетсең,
Барса келмеске жетерсің.
***
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.
***
Аспаннан былғары жауса да,
Құлға оқшантай тимейді.
***
Аспаннан не түспейді,
Жер нені көтермейді.
***
Аспаннан тас жауса да, жерге пайда.
***
Аспаннан шұға жауса,
Жалқауға түк те тимес.
***
Аспаннан шұға жауса,
Кедейге шұлғаулық та тимепті.
***
Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.
***
Аспанның жолын бұлт бөгейді,
Асқанның жолын жұрт бөгейді.
***
Асқанға аспан да аласа.
***
Аспан биік, жер қатты.
***
Аспанға бұлт үйірілсе, жауын көп.
Басыңа бұлт үйірілсе, жауың көп.
***
Аспанда бар сан жұлдыз,
Сорлатады сары жұлдыз.
***
Аспандағы сұңқардан
Қолдағы тұрымтай артық.
***
Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,
Қолыңдағы шымшығыңнан айырылма.
***
Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.
***
Ат аспаннан, нұр пейіштен (ұжмақтан).
***
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.
***
Ат төбелі ай болмас.
***
Атар таңға жүрсең де,
Батар күнге жүрме.
***
Аузымен айды алады,
Қолымен қосаяқ соғады.
***
Аузың бір болса, аспандағыны аласың,
Аузың ала болса, алақандағыны алдырасың.
***
Аузыңды көкке ашпа,
Адал еңбектен қашпа.
***
Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.
***
Ашу – сөздің бұлты,
Ақыл – сөздің кілті.
***
Аямейіз алты күн,
Алты ай қыстан қатты күн.

maqal-matel.kz