Б

Бағы қайтқанның малын бақпа,
Іші қараның дауын айтпа.
***
Бай малының ағымен бұлданады,
Ағы үшін жарлылар құлданады.
***
Бай төсегі темір піс,
Кедей төсегі қара кіс.
***
Байдың мың қойының ішінде
Жарлының жалғыз қара тоқтысын көреді.
***
Байыдым деме,
Кедейлік сіңіріңе жетер.
Жетістім деме,
Қара жер түбіріңе жетер.
***
Бақылдың бағы көгермейді,
Көгерсе де, көбеймейді.
***
Бақыт берсе Құдайым, көргенде білерсің,
Дәулет берсе басыңа, ақ тұйғындай түлерсің,
Оныменен кетпессің, ақырында өлерсің.
***
Бақыт қонса басыңа,
Білмесең де, данасың.
Бақыт ұшса басыңнан,
Ақ та болсаң, қарасың.
***
Балаға жуыссаң, пәлесі жұғады,
Қатынға жуыссаң, қарасы жұғады.
***
Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған ақылдан артық.
***
Басы қараның байы көп,
Басына пайдасы жоқ.
***
Басы қараның бәрі игі,
Барып келсе, тағы игі.
***
Басы қараның бары игі,
Ұлсыздан да қызды игі.
***
Басы қараның көңілі жаралы.
***
Батамен ер көгереді,
Жаңбырмен жер көгереді.
***
Батыр деген Барақ ит болар,
Екі қатынның бірі табатұғын.
Би деген ақсары ат болар,
Айында біреу табатұғын.
***
Батыр деген – бір-ақ ат,
Би деген – ақ шариғат.
***
Бау-бақшаның қараусыз қалғаны –
Көк ағаштың отын болғаны.
***
Бейшара «көндім» дейді,
Беті қара «жеңдім» дейді.
***
Бермесіңді қызартпа.
***
Беті аппақ болса,
Денесі салтақ болады.
***
Беті аппақ болса,
Көті сатпақ болады.
***
Бидің жолы – ақ, судың жолы – сара.
***
Биеден ала да, құла да туады.
***
Боз көйлектің қырық күндік мастығы бар.
***
Болар іс болды, бояуы сіңді.
***
Болар іс болып, бояуы сіңді.
***
Боларыңда болып өт,
Бозторғайдай желіп өт.
Болмас күнге келгенде,
Боз шолақты тағала,
Жақсыларды жағала.
***
Борай-борай қар жауса,
Боз қоянды өлтірер.
***
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
***
Бояушы-бояушы дегенге, сақалын бояпты.
***
Бояушы-бояушы десе, сақалын бояйды.
***
Бояушыны «бояушы» дегенде сақалын бояйды.
***
Бурыл атта бұғау бар,
Ойынға кесер екеу бар.
***
Бұқа буға семіреді,
Тентек дауға семіреді,
Қайғысыз қара суға семіреді.
***
Бұлт – ала,
Жау – шала.
***
Бұрын боқ жейтін ала қарға
Бүгінде жыл құсы болған екен-ау!
***
Бұрынғы күнім қара түн,
Ендігі атқан күн.
***
Бұрынғының қыздары
Қырмызы қызыл жібектей.
Ендігінің қыздары
Түбі түскен шелектей.
***
Бүркіт алсаң, көрінген қызылды алмайтынын ал,
Қатын алсаң, көрінген шақырса бармайтынын ал.
***
Бүркіт алсаң, сұрын ал,
Талпынса керегең сиырылсын.
Қатын алсаң, сұлу ал,
Өлгенде ағайының талассын.
***
Бүрлі қара терек
Бір күнде керек.
***
Біздің елде ала қарға еді,
Мұнда келіп жылқышы болған.
***
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
***
Білім сананы ағартады.
***
Бір ақылды кісі айтыпты: «бір ақша жүз елу батпан қара күштен әлдеқайда пайдалы».
***
Бір биеден ала да туады, құла да туады.
***
Бірдің айы – бір ішек,
Көкек айы – көк ішек,
Мамыр айы – майлы ішек.
***
Біреуге пышақ оқтама,
Қара пышақ қарыс ұзарады.
***
Біреуі бүркіт, біреуі үкі болды,
Біреуі қасқыр, біреуі түлкі болды,
Момын қара шаруа залымдардың мүлкі болды.

maqal-matel.kz