Б

Бағыңды базарда сына.
***
Базар ақшалыға базар, ақшасызға назар.
***
Базар – ақшалыға базар,
Ақшасыздың өзі де азар.
***
Базар бар да, бағыңды сына.
***
Базарға әркім барар, өз керегін алар.
***
Базарға бақал жарасады.
***
Базарға бар да, бағыңды сына.
***
Базарға барып бағың сына.
***
Базарда бәрі бар,
Ақшаң болмаса, әрі бар.
***
Базарда мың кісі,
Көңілді бір кісі.
***
Базарда мың кісі бар,
Әр кісі сүйгеніне сәлем берер.
***
Базарда мың кісі бар,
Қай сүйгеніңе сәлем берерсің.
***
Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.
***
Базарда сүйгеніне ғана сәлем береді.
***
Базардағы ас бағына қарай пысады.
***
Базардан алған бәкіге мәз.
***
Базардан қалған бір күн қалар,
Егістен қалған бір жыл қалар.
***
Базардың иті ауылдың итін қаламайды.
***
Базары жақын байымайды.
***
Базары жақын байымас.
***
Базары жақын байымас,
Еш нәрсеге жарымас.
***
Базарын біліп, мал сал,
Балығын біліп, ау сал.
***
Бай бауырын танымас.
Сауда досқа қарамас.
***
Бай болайын деген жігіт
Айырбасшыл келеді.
Адам болайын деген жігіт
Қарындасшыл келеді.
***
Бай кісі базарға барса,
Сұм хабар табады.
***
Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.
***
Байды Құдай атайын десе,
Байталын атқа сатады.
Жақсыны Құдай атайын десе,
Өз елін жатқа сатады.
***
Байимын десең, саудагершілік қыл.
***
Байталыңды атқа сатпа,
Атыңды жатқа сатпа.
***
Бақпен асқан хандардан,
Баспен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой.
***
Балалы үй – базар,
Баласыз үй – мазар.
***
Бар барын айтады,
Бақа бұтын тырбайтады.
Көрген адам көргенді айтады,
Көтерген әркім өтпегін сатады.
***
Бар болса, бағып іш,
Жоқ болса, сатып іш.
***
Бар болса, сойғанның жөні бар,
Бір қойдан он кісінің құны бар.
***
Бар елің базар, жоқты қайдан қазар.
***
Бардың базары жанында.
***
Бармен базар, жоқты қайдан табар.
***
Бары – базар,
Жоқты қайдан қазар.
***
Барымен базарлап,
Сөзімен ажарлап.
***
Барына базар,
Жоқты қайдан табар.
***
Барында батып іш,
Жоғында сатып іш.
***
Барыңда батып іш,
Жоғыңда сатып іш.
***
Барыңмен базарла.
***
Батырдың сөзі мың теңгелік.
***
Бәлен жерде бақыр бар,
Барса, бақыр табылмас.
***
Бәлен жерде бақыр бар,
Барсаң – тап-тақыр.
***
Бек тілесе,
Бәрін де тегін алады.
***
Берейін деген қолына,
Шығарып салар жолына.
Бермеймін деген қолына,
Табылмайды пұлына.
***
Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.
***
Береке бір тиыннан.
***
Бес тиын беріп айтқыза алмасаң,
Он тиын беріп қойдыра алмассың.
***
Бес тиындық қоян – он тиындық зиян.
***
Бидай көрсетіп, арпа сатады.
***
Боқ сатқанды айтпа, ұқсатқанды айт.
***
Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.
***
Бурасын сатқан
Бұйдасын сатпайды.
***
Бұқарда пұлы бардың көңілі тоқ.
***
Бұл не деген батпан құйрық,
Тегіннен-тегін жатқан құйрық.
***
Бұлыңды бұлға берсең,
Бұлың күймес.
***
Бұралқының пұлы жоқ,
Бұзылған шаһардың пішіні жоқ.
***
Біздің алақанымызға да қарға тышар.
***
Білгенге маржан, білмегенге арзан.
***
Білгеніңді білмегенге сатпа.
***
Білік бағасын білікті біледі.
***
Білікті кісі – баға жетпес алтын,
Біліксіз кісі – бес тиын бақыр.
***
Білім арзан, білу қымбат.
***
Білім – гауһар бағасы жоқ,
Надандық – дерт, дауасы жоқ.
***
Білім деген – гауһар, бағасы жоқ,
Надандық деген – кесел, дауасы жоқ.
***
Білім – малы жоққа түгесілмес мал,
Қаржысы жоққа – таусылмас қаржы.
***
Бір ақылды кісі айтыпты: «бір ақша жүз елу батпан қара күштен әлдеқайда пайдалы».
***
Бір саудаң иіп кетеді,
Бір саудаң киіп кетеді.
***
Бір сомың бие болмас,
Бес сомың түйе болмас.
***
Бір теңге беріп, айттырып,
Мың теңге беріп, қойдыра алмайды.
***
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмадық.
***
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмассың.
***
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
***
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
Өзінікін азсынған,
Кісінікін көпсінген
Өз малына ие болмайды.
***
Бір тиынға қарамаған,
Бір тиынға арзымайды.
***
Бір іс қылса, ақысын бер тіленбей:
Ішкіз, жегіз, үлестіріп шүлендей.
Ел ішінде сәл нәрседен пышырап,
Атың жүрер жаман сөзге ұшырап.

maqal-matel.kz