Б

Баға берме жүзіне қарап адамның,
Дана деме сөзіне қарап адамның,
Жолдас айырар оның жақсы-жаманын.
***
Бай аузында семіз сөз.
***
Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
Сөйлемеген сөз қалмас.
***
Бай – шешен,
Балуан – албат батыр.
***
Байдың сөзі адал,
Биі әділ.
***
Байлық – мұзға жазылған сөз,
Білім – тасқа жазылған сөз.
***
Байлық не дегізбейді,
Аштық не жегізбейді.
***
Баймен айтыспа, палуанмен күреспе.
***
Байтал жүйрік – пайда жоқ,
Қатын шешен – парқы жоқ.
***
Байтал – жүйрік, парқы жоқ,
Қатын – шешен, нарқы жоқ.
***
Бақытты адамның маңайы
Мұз үстінен қар жанар.
Жақсы туған баланың
Атасы төрде сөз табар.
Жаман туса баласы,
Түйе үстінен ит қабар.
***
Байыпты сөздер бір-біріне ұқсап тұрады.
***
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
***
Бақ тіліңді, ойлағаның саз болар,
Көп сөйлеген сөздің мәні аз болар.
***
Бақытта көз болмайды,
Шын жақсы сыйымсыз сөз болмайды.
Дүниеде бас-аяқ тегіс емес,
Екі жақсы бір жерде кез болмайды.
***
Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.
***
Баланың сөзі батпандай,
Қатынның сөзі кетпендей.
***
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлесең, көрсетер өнер.
***
Балуанға түсер жігіттің
Көңілін аулап, сөзін ал.
***
Барқы білмейді, сөздің нарқы біледі.
***
Барымен базарлап,
Сөзімен ажарлап.
***
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
***
Басқы сөздің басында болмасаң,
Соңғы сөздің қасында болма.
***
Бассыз берген мал мазақ,
бақсыз берген тіл мазақ.
***
Басты көрсе, сақалын айтар,
Тамаққа тойса, мақалын айтар.
***
Басына бәле тілеген адам
Сұлтанның сөзін қайырар.
***
Басыңа қылыш төнсе де,
Шын сөзіңнен аума.
***
Баталы сөз – балаға азық.
***
Батыр жігіт – жау көркі,
Шешен жігіт – дау көркі.
***
Батыр қол бастайды,
Шешен сөз бастайды.
***
Батыр қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
***
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
***
Батырдың сөзі мың теңгелік.
***
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас,
Мырзалық қонаққа пайда, малға қас,
Өткір сөз дауға пайда, ауруға қас.
***
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсіген жігітті топ ішінде көрерміз.
***
Баулыған батыр болар,
Үйретінді шешен болар.
***
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
***
Бейпіл сөзден түскен пайда көрмедім,
Көп те болса, ешбір түсім термедім.
***
Бейшараның белгісі сөзінен,
Несебі көзінен шығады.
***
Бекершіден берекесіз сөз шығар.
***
Бектер сөзін айта берме (басқа сын!),
Қайталама жақсы сөзден басқасын.
***
Белгі болмаса, жол бұзылады,
Білім болмаса, сөз бұзылады.
***
Белгісі болса, жолдан жаңылмас,
Білімі болса, сөзден жаңылмас.
***
Би білгенді құл да біледі,
Сөйлейтін ауыз болса.
***
Бидай наның болмаса да,
Бидай сөзің болсын.
***
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
***
Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Жақсыменен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
***
Болмаса сөздің түйіні,
Болмағаны түйірі.
***
Болмасқа жылаған есіл көзім,
Ұқпасқа айтқан есіл сөзім.
***
Бос сөзбен қараңғы адам семіреді,
Сол әдет қара басты кеміреді.
***
Бөтен адам сөз береді, бөз бермейді.
***
Бұлттан шыққан күн ашты,
Жаманнан шыққан сөз ашты.
***
Бұра сөйлеген күлкіге жақсы,
Бұра қашқан түлкіге жақсы.
***
Бұра сөйлеген күлуге жақсы.
***
Бұра сөйлеме, тура сөйле.
***
Бұралқы мал мінуге жақсы,
бұралқы сөз күлуге жақсы.
***
Бұралқы сөз күлуге жақсы,
Бұралқы ат мінуге жақсы.
***
Бұрма сөз күлуге жақсы.
***
Бұрын айтылмаған білімді
Жұрт сөзіңнен таниды.
***
Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып кетіпті,
Ынтымаққа жетіпті.
***
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Атағы жақсы адамға сөз ереді.
Ағаш басына жел үйір,
Жақсы адамға сөз үйір.
***
Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.
***
Білген ерден білім толтыр бойыңа,
Ізгі сөзден ес кіреді ойыңа.
***
Білген ердің сөзін тыңда ізгілік,
Қасиетін үйреніп ап көзге ілік.
***
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
***
Білемін – мың сөз,
Білмеймін – бір сөз.
***
Білмеген сөз сыңайын не табады:
Болса да көк аспанда, жер қабады.
***
Біліксіз сөйлесе,
Түсінбей-ақ айта береді.
***
Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.
***
Білікті адам керекті сөзін ғана айтады,
Керек емесін бүгіп қалады.
***
Білікті адам сөйлемей-ақ білініп тұрады.
***
Білікті адамның сөзі – таза гүл.
***
Білікті біліп айтар, сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.
***
Біліктіден шыққан сөз – әдеп үлгісі.
***
Біліктінің сөзі – жанып тұрған жас гүл.
***
Білімді болса – жолдан,
Көргенді болса – сөзден жазбас.
***
Білімді кісі керекті сөзді ғана айтады.
***
Білімді сылық сөйлейді,
Жайдары күліп сөйлейді.
Шамкөс бір отырып,
Бір тұрып сөйлейді.
***
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
***
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болса кез.
***
Білімдінің сөзін тыңда,
Айтқанын үйрен, іске асыр.
***
Білімсіз сөз басыңа кемшілік келтірер.
***
Білімсізге сөз өтпес.
***
Білімсізге шын сөз ащы көрінеді.
***
Білімсізге шын сөз де парықсыз.
***
Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі жібектей.
***
Бір ауыз сөзден қырғын соғыс басталады,
Бір сіріңкеден үлкен өрт те басталады.
***
Бір ауыздан сөз шығар,
Бір жағадан бас шығар.
***
Бір аяқ қымыздың екі ауыз сөздік желігі бар.
***
Бір қойдың қатығы іркіт болмас,
Өзі біліп, сөйлеген адамды іркіп болмас.
***
Бір сөз бір сөздің көтін шұқып алады.
***
Бір сөз – бір сөздің қуғыншысы.
***
Бір сөзді көп сөйлесе, сөз жасиды.
***
Бір сөзі көп сөйлесе, сөз жасады.
***
Бір сөзі өтіріктің бар сөзі өтірік.
***
Бір тәуекел болады,
Мың қайғыңнан қаласың.
Бір жақсы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
***
Біреу күле қараса, жылы жүзбен таста көз,
Сақта тілді жаманнан, жақсы тілеп баста сөз.
***
Біреу сөзіңді сөйлесе,
Ауызың қышып бара ма?
Жұмысыңды біреу қылса,
Қолың қышып бара ма?

maqal-matel.kz