Бағы барда жағалайды,
Бағы кетсе, табалайды.
***
Бағы бардың иті үреген, аты жүреген болады.
***
Бағы қайтқанның малын бақпа,
Іші қараның дауын айтпа.
***
Бағы тайған адамды
Түйе үстінен ит қабар.
***
Бағың асқан шағында,
құзғын салсаң қаз ілер,
бағың қашқан кезінде,
сайгүлігің құр қалар.
***
Бағың асқан шағыңда,
Құзғын салсаң, қаз ілер.
Бағың тайған шағыңда,
Тұйғын салсаң, аз ілер.
***
Бағың жанса, сордың барын ұмытпа,
Атың шықса, қордың барын ұмытпа.
***
Бағың тасыған кезінде
Шобыр қоссаң, бәйге алар.
Бағың қашқан кезінде
Сәйгүлігің құр қалар.
***
Бағың шауып тұрғанда
Биең егіз туады.
Бағың қайтқан шағыңда
Ешкің қысыр қалады,
Малыңа індет шабады.
***
Бағыңды базарда сына.
***
Базар бар да, бағыңды сына.
***
Базарға бар да, бағыңды сына.
***
Базардағы ас бағына қарай пысады.
***
Бай мақтанса, мақтансын,
Сабасының қоры бар.
Жарлы неге мақтансын,
Маңдайының соры бар.
***
Бай мақтанса, табылар,
Әрнәрсенің, қоры бар.
Жоқ мақтанса, шабылар,
Маңдайының соры бар.
***
Бай мақтанса – табылғаны,
Қыстық қоры болады.
Жоқ мақтанса – шабылғаны,
Маңдайының соры болады.
***
Байға бақ қонса, бұқа да бұзаулайды.
***
Бақ адасса, батпаққа қонады.
***
Бақ басында, сор қасында.
***
Бақ-дәулетке мақтанба.
***
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
***
Бақ келсе, бәрі келеді.
***
Бақ қайтса, басқа дәулет құралмас.
***
Бақ қарап тұр алдыңда,
Талаппенен көрінсең.
Сор қарап тұр алдыңда,
Жамандыққа берілсең.
***
Бақ қонатын адамның ұлы епті, қызы көрікті болады.
***
Бақ пен дәулет көшпелі.
***
Бақ тайса, батырлық пұшайман жейді.
***
Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
***
Баққа сор жасырынады.
***
Бақтың келуі – қайқайыс,
Кетуі – еңкейіс.
***
Бақылдың бағы көгермейді,
Көгерсе де, көбеймейді.
***
Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз.
***
Бақыр қазан қайнаса —
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз.
***
Бап шаппайды, бақ шабады.
***
Бапсыз қыран түйілмес,
Құтсыз дәулет үйілмес.
Бап пен бақ екеуі де,
Ақылменен үйірлес.
***
Бармақтай бағы болса,
Бағы көкке ұшады.
***
Бармақтай бақ бер,
Таудай талап бергенше.
***
Бассыз берген мал мазақ,
бақсыз берген тіл мазақ.
***
Басыңа бақ қонғанда,
Елден асқан данасың.
Басыңнан бақ тайғанда,
Қалыбыңа барасың.
***
Басыңа бәле келсе,
Баққа сиынба, Хаққа сиын.
***
Баталы құлға бақ қонар.
***
Батыр – ортақ, бақ – жалқы.
***
Бетегелі жерге мал тоқтайды,
Берекелі елге бақ тоқтайды.
***
Беті қайтқанның дауын айтпа,
Бағы қайтқанның малын айтпа.
***
Бозторғайға бақ қонса,
Самұрық шылауында болар.
***
Болымсызға бақ қонса,
Сол күні жоғалтады.
***
Білім алсаң жасыңнан,
Қыдыр кетпес қасыңнан.
***
Білім бақыттың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
***
Білім қуған оңалар,
Білімсіз жан сорланар.
***
Біреуден алсаң аманат,
Берсең, жақсы саламат.
Жанжал қылсаң, бақ кетер,
Ақыры болар жаман ат.
***
Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.
maqal-matel.kz
