Б

Байдың малы ардақты,
Жарлының баласы ардақты.
***
Байдың малы ардақты,
Кедейдің баласы ардақты.
***
Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.
***
Байлардың сыйлығынан
Кедейдің сабыр еткені артық.
***
Бала қадірін балалы болғанда білерсің.
***
Бар болсаң, жаныңды сыйла,
Жан кеудеңе қонақ.
Жоқ болсаң, жаныңды қина,
Жан кеудеңе азық.
***
Батыр – жау барда сыйлы,
Би – дау барда сыйлы.
***
Бұлбұлдан өзге құстар
Гүлстан қадірін білмес.
***
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
***
Білім қадірін ер білсе,
Ер қадірін ел біледі.
***
Білімдіні көрсең, қадір тұт,
Білімсізді көрсең, сабыр тұт.
***
Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.
***
Бір сіз-бізден,
Бір ғыз-мыз артық.

maqal-matel.kz