Байлық жарастырар,
Жоқтық таластырар.
***
Барлық жарастырады,
Жоқтық таластырады.
***
Бармақ басты, көз қысты.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Бір қазанға симайсың.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Манар тауға симассың.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға сыймассың.
***
Бас-басыңа би болсаң,
Мына тауға симайсың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймейсің.
***
Басы қату болса, аяғы тату болады.
***
Бәлеқор екі араға от жағады,
Біреуі өртенсе, өзі де жанады.
***
Бәлеқор жаныңда болса,
Бәледен бас алмассың.
***
Бәлеқорды байытпа,
Тәкәппарды көтерме.
***
Бел мен білек біріксе, жұмыс бітер.
***
Беру-алу көрші салты,
Жарастыру елші салты.
***
Бес бармақ жиналса, жұдырық болар.
***
Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып кетіпті,
Ынтымаққа жетіпті.
***
Бір ауыздылықтан құт кіреді,
Ала ауыздылықтан жұт кіреді.
***
Бір жеңнен қол шығару,
Бір жағадан бас шығару.
***
Бір күн ұрысқанның
Қырық күн нәсібі төгіледі.
***
Бір күнгі ұрыстың
Қырық күндік қырсығы бар.
***
Бір қолыңның ашуы келсе,
Бір қолыңмен арашала.
***
Бір құрт тапсаң, бөліп же.
***
Біреуге ор қазсаң, өзің түсерсің.
maqal-matel.kz
